2023 жылғы 31 тамызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысты.
2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері тыңдалды; мемлекеттік қызметшілердің қызметі бойынша БАҚ-та және интернет-ресурстарда орналастырылған теріс ақпараттың мониторингі қаралды; Сот әкімшілігі басшысының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі есебі және Шахтинск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебі тындалды.
Сондай ақ, кеңес отырысында Бұқар жырау ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі мен Ақтоғай білім бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік істер қаралды.
