Приозерск қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Приозерск қалалық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 29 қазанға Приозерск қаласының № 5, № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалғанның орнына Приозерск қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 30 тамызынан басталады.
№ 5 округ орталығы: Приозерск қаласы, Достық көшесі, 20, тел. 52715.
«№ 2 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №798 сайлау учаскесі.
Округ шекаралары: Абай көшесі, 10, 12, 14, 15/1, 17/3, 18/2, 19/3, 22, 23, 23/2, 23/3, 25/2. Ағыбай Батыр көшесі, 5, 6/1, 17. Достық көшесі, 16, 16/2, 16/3, 24, 26.
№ 11 округ орталығы: Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, 11А, тел. 54226.
«№ 1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №804 сайлау учаскесі.
Округ шекаралары: Дружба Народов көшесі, 2, 4/1, 4/2, 4/3, 19А. Кисунько көшесі, 13/1, 13/2. Балқаш көшесі, 8,10
Приозерск қалалық сайлау комиссиясы