2023 жылғы 29 қазандағы Приозерск қалалық мәслихатының шығып қалғандардың орнына № 5, № 11 сайлау округтері бойынша депутаттарын сайлауын тағайындау туралы

2023 жылғы 29 қазандағы Приозерск қалалық мәслихатының шығып қалғандардың орнына № 5, № 11 сайлау округтері бойынша депутаттарын сайлауын тағайындау туралы

 

Приозерск қалалық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14 бабының 2-3 тармақшасына және 101 бабының 3-1 тармағына сәйкес шешті:

  1. Приозерск қалалық мәслихатының шығып қалғандардың орнына № 5, №11 сайлау округтері бойынша депутаттарды сайлау 2023 жылғы 29 қазанға тағайындалсын.
  2. 2. Шығып қалғандардың орнына қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Приозерск қаласының округтік сайлау комиссиялары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, сайлауды өткізу жөніндегі Күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, шығып қалғандардың орнына № 5, № 11 сайлау округтері бойынша қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. Осы Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында және қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                        Б. Сарсембеков

Хатшы                                                                        Ж. Махатов

Дата публикации
29 августа 2023