Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ Теміртау қаласында мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар) арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы
13 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы
14 қыркүйек күнгі сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға өңірлік деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.
Қағидалардың 8 және 34-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
|
|
Республикалық және өңірлік |
|
|
Нысан |
Тапсырысқа қатысуға өтінім
___________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы
мөрдің орны (бар болған кезде)
20__ жылғы "__" ____________
|
|
Республикалық және өңірлік |
Өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі
1) газеттер үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама, журналдар үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы тоқсанда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;
2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;
3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама;
4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын мерзімді баспа басылымының интернет-ресурсының болуын немесе болмауын растайтын құжат;
5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;
7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын өңірлік контенттің шығарылатын газет өнімінің көлемі туралы растау хаты (пайыздық арақатынаста алғанда және газет нөмірлерінің әрбір шығарылымының даналары бар), өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету өңірлік контент болып табылады;
8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын , оның ішінде ақпаратты берудің, ресімдеудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.