Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан аудандағы
Әдеп семинары
2023 жылғы 18 тамызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі Д.К. Әбдірахмановпен бірлесіп Қарағанды қаласы Әліхан Бөкейхан ауданы әкімінің аппаратында семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық қағидаттары, қызметтік этика стандарттары талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілген. Семинарға аудан әкімі Д.Кулекеев және аудан әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі В. Храпов қатысты.
