Саран қаласындағы этикалық семинар
2023 жылғы 9 тамызда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі К.С. Бекимова Саран қаласы әкімінің аппаратында семинар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары, қызметтік әдеп стандарттары талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар берілді.
Мемлекеттік қызметке жұмыс істегісі келетін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.


