7 маусымда квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлердің жұмысы туралы отырыс өткізілді
Ағымдағы жылдың 7 маусымында Қарағанды облысы әкімдігінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (Е.А. Алпысов) төрағалығымен облыстық басқармалардың бірінші басшыларымен және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім облыстың квазимемлекеттік секторының 93 субъектісінің директорларымен («Қарағанды Су» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Қарағандыэнерго саласы» ЖШС (бұрынғы ЖШС), «Сарыарқа «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы АҚ, «Жеңіл атлетиканың олимпиадалық резервінің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» КМҚК, «Шахтер» футбол клубы» АҚ, «Облыстық клиникалық аурухана» КМК, «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМКҚ және басқалар) отырыс өткізілді.
Күн тәртібінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлердің жұмысы қаралды. Кеңесте сондай-ақ, №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын орындау бойынша проблемалық мәселелер қаралды. ҮББ4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталған жағдайда, басшының бағынысты үшін жауапкершілігі туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға соңғы түзетулер бойынша ақпараттар жеткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары тарапсынан жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге міндеттемелер жүктелмейтін, бірінші басшыға есеп беретін, дербес комплаенс-офицерлерді бекіту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.


