2023 жылдың 1 маусымында көп балалы отбасылардың балалары «Шаңырақ» отбасыларды қолдау орталығында сыйлықтар мен қала сыртындағы лагерьлерге жолдамалар алды
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарағанды облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері Ғ.С. Карисова, Г.Р. Сәтпаева-Алпысбаева, И.Ж. Тоқмурзина және Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы А.А. Рақышева мен Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы Қазыбек би аудан филиалының төрағасы М.Е. Кашенова «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына (бұдан әрі - Орталық) барды.
Орталық басшысы Л.Т. Қожахметова қонақтарды орталықтың ұжымымен және қызметімен таныстырды.
Іс-шараның барлық қатысушыларын Қарағанды қаласының №15 мектебінің оқушысы Дулат Әмірхан Дәуренұлы бата беріп, таң қалдырды.
Қонақтар 14 көпбалалы отбасының балаларын мерекемен және оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
Рақышева Алмагүл Айтқазықызы мен Кашенова Марал Елюбайқызы әр отбасы өкіліне сыйлықтар табыс етті: «Фиеста» (Бұрабай) және «Орленок» (Қарағанды) қала сыртындағы лагерьлеріне 4 жолдама және 10 балалар ойыны.
4 бала жолдама иегерлері болды:
Қалған 10 қатысушы ойын алды.
Облыстық комиссия мүшелері Г.Р.Сәтбаева-Алпысбаева, И.Ж.Тоқмурзина балаларға жақсы демалыс тілеп, жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске салды.






