2023 жылғы 25 мамырда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті
2023 жылғы 25 мамырда облыстық әкімдік ғимаратында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысы өтті.
Селекторлық режимде отырысқа облыстың қалалары мен аудандарының төрағалары, хатшылары мен комиссия мүшелері қатысты.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қарағанды облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы Ж.О. Буламбекова және облыс прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры А.Т. Оразбекова шақырылды.
Жазғы демалыс қарсаңында өзекті мәселелер қаралды:
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы Ж.О. Буламбекова және жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары К.К. Шакенов облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық жағдайы туралы баяндады.
2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша балалар қылмысының 18,4%-ға өсуі байқалады. Балалар қылмысының өсуі Қарқаралы, Бұқар жырау, Абай және Осакаров аудандарында тіркелді. Ақтоғай ауданында, Теміртау қаласында және Саран қаласында балаларға қатысты қылмыстардың өсуі орын алды. Облыста суицидтер саны артты.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ш. Әліқұлов ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әзірлеген интерактивті "Кәмелетке толмағандардың қылмыс картасы" және "Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдардың картасы" - бұл балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтіндердің барлығына жақсы аналитикалық құрал, профилактикалық жұмыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді және картаның барлық интернет пайдаланушылары үшін қол жетімді болуы маңызды.
Қылмыстың өсуіне жол берілген аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды.
Жазғы демалыс және спорт пен шығармашылық үйірмелердің қолжетімділігі мәселелері бойынша білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама мәселелері бойынша басқармалары басшыларының орынбасарлары: А.Болкенбаев, Р.Қожабеков, С.Оспанова сөз сөйледі.
Талқылауға облыс прокуратурасының аға прокуроры А.Оразбекова және Комиссия мүшелері: Бала құқықтары жөніндегі уәкіл И.Киселева, облыстық мәслихат депутаты Л.Қожахметова, «Шахтер» футбол клубы» АҚ маманы Н.Сухорукова, Шашубай кентінің тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) директоры А.Туқбай қатысты.
Отырыста балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару үшін "Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқанын 1-12 маусым аралығында ұйымдастыру бойынша қалалар мен аудандарға тапсырмалар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы кезеңде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін ұйымдастыру; девиантты мінез-құлықтағы кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы отбасылардан, ауылдық өңірлерден шыққан балаларды сауықтыру және жұмыспен қамту; балалардың құқықтарын сақтау, жазғы кезеңдегі жұмыс және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналармен және балалармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде; ауылдық жерлерде үйірмелердің, секциялардың және аула клубтарының жұмысын жақсарту бойынша тапсырмалар берілді.


