2023 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

2023 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Қарағанды облысы әкімдігінің және Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қолдауымен Достық үйінде Халықаралық Отбасы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Облыс әкімінің орынбасары Е. Ш. Аликулов Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының басталғанын жариялады.

Салтанатты рәсімде 100000 теңгеге сертификаттар табыс етілді:

- жас жұбайларға Нұршуақ пен Әселге;

- 50 жыл некеде тұрған және алтын үйлену тойын тойлап жүрген ерлі-зайыптылар Нұрабай мен Бикен Ахметовтарға;

- Катаевтар отбасына - екі балаларымен қоса, тағы алты баланы патронатқа алып тәрбиелеп отыр;

- «Ана үйі» қоғамдастығының төрағасына Айгүл Көпбаеваға - өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетеді.

Іс-шараның демеушілері Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелері И.Н.Джабаева, А.К.Қиясова, Іскер әйелдер қауымдастығы, Теміртау қаласының кәсіпкері Н.И. Арыстанова, «Қазақ аналары және жолы» РҚБ төрағасы М.А. Әлімбаева болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Катаевтар отбасының ең кішкентай мүшесінің арманын орындап, оған велосипед сыйлады.

Дата публикации
22 мая 2023