Этические семинары в городе Балхаш

Балқаш қаласындағы этикалық семинарлар

А.ж. 17-18 мамырда облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықәрімова Ақтоғай ауданы Шашубай ауылы әкімінің аппаратында, Балқаш қаласының жер қатынастары және сәулет бөлімінде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде семинарлар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттары, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген.

Ақтоғай ауданы Шашубай ауылы әкімінің аппаратындағы семинар

Балқаш қаласының жер қатынастары және сәулет бөлімімен семинар

Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде семинар

 

Дата публикации
22 мая 2023