Нұра аудандағы этикалық семинарлар
Ағымдағы жылдың 11-12 мамырында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Қабдықәрімова Нұра ауданы Шахтерское ауылы әкімінің аппаратында, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары Бөлімінде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімінде семинарлар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттары, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген.
Шахтер селосы әкімінің аппаратындағы семинар

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімімен семинар

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және Нұра кенті әкімінің аппаратында семинар
