Приозерск қаласында этикалық семинар
А. ж. 26-27 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қабдықәрімова Приозерск қаласының әкім аппаратында және жергілікті атқарушы органдарының бөлімдерінде, Ақтоғай ауданы Сары-Шаған кенті әкімінің аппаратында семинарлар өткізді, онда Әдеп кодексінің этикалық қағидаттарына практикалық түсініктемелер берілді және мемлекеттік қызметшілерге арналған ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының мысалдары келтірілген. Семинарларға Приозерск қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бейскеев Сағынбек Жаңбырбайұлы қатысты.
Приозерск қаласы әкімінің аппаратымен семинар

Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарының бөлімдерінде семинар

Ақтоғай ауданы Сары-Шаған кенті әкімінің аппаратында семинар
