«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының 2023 жылгы 25 сәуірдегі «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 93-б бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 27-б бұйрығы

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы»

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі басшысының

2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 93-б бұйрығына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу мен бекіту (қайта бекіту) қағидаларының және олардың мазмұнына қойылатын талаптардың бекіту туралы 3 тарауына және «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы XХI сессиясының № 271 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 cәуірдегі II сессиясының № 24 шешіміне сәйкес, қаржыландыру көлемінің және нәтижелер көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 93-б бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған бұйрықтың 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қоса берілген 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары:

001 «Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары», осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

009 «Әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу», осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

019 «Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту», осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

007 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары», осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымша толықтырылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.




«Қарағанды облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                            Е. Галиев

Дата публикации
28 апреля 2023