Қарағанды облысы бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасында этикалық семинар
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. Қабдықәрімова облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында семинар өткізді, онда мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттары, ұсынымдар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында әртүрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы бойынша ұсынымдар келтірілген. Семинарға басқарма басшысы Абылаев Темірхан Серікбайұлы қатысты.
