Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының жобасы
Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары бекітілсін.
- «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев
Қарағанды облысы әкімінің
2023 жылғы « ___ » _____
№ _____қаулысымен бекітілген
Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар ынбелгілеудің тәртібі мен шарттары
- Жалпы ережелер
- Осы Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі -Ұйымдар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының нормаларына сәйкес, мекемелер қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу мақсатында әзірленді, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы және сапалы орындауға материалдық қызығушылығын арттыруды қамтиды.
- Ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын тиісті жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
- Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
- Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеу ұйым басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен жазбаша ұсыным негізінде жүргізіледі.
- Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, үстемеақының негіздері мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқтығы туралы мәліметтер көрсетіледі.
- Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
- Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау.
- Лауазымдық айлықақыларға ынталандырушы үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) мекемеде бір айдан аз жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне.
- Лауазымдық міндеттерін жосықсыз атқаратын және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және еңбек тәртібінің талаптарын бұзуға жол беретін қызметкерлерге қатысты ынталандыру үстемеақыларының күші жойылуы мүмкін.