2023 жылғы 4 сәуірде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті
2023 жылғы 4 сәуірде облыстық әкімдік ғимаратында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың (бұдан әрі - КТІжҚҚЖК) және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - ӘІжОДСЖК) отырысы өтті.
Селекторлық режимде отырысқа облыстың қалалары мен аудандарының КТІжҚҚЖК және ӘІжОДСЖК төрағалары, хатшылары мен мүшелері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ш. Әліқұлов отырысқа қатысушыларды комиссиялардың жаңартылған құрамымен таныстырды. Комиссиялардың құрамына Қарағанды облысындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.
Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қ.К. Шәкенов 2022 жылы және 2023 жылдың 3 айында кәмелетке толмағандар тарапынан және кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар, облыстағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайына тоқталды. Егер 2022 жылдың соңында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуі байқалса, 3 айдың қорытындысы бойынша ол 32,4%-ға өсті.
Қылмыс деңгейі жоғары өңірлерде қабылданған шаралар туралы Қарағанды, Саран, Теміртау, Балқаш қалалары, Қарқаралы, Нұра, Абай аудандары әкімдерінің орынбасарлары баяндады.
Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында облыс әкімінің орынбасары білім басқармаласы мен жергілікті полиция қызметіне, әкім орынбасарларына қолданыстағы бейнебақылау камераларын пайдаланудың тиімділігі мен бейнебақылау жүйесінің сапасын арттыру бойынша; медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша; мектеп оқушылары мен студенттердің сабаққа қатысуын бақылауды күшейту; балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайларды жасағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі туралы, бұзушылықтардың барлық фактілері уақтылы хабарлау туралы тапсырмалар берді.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.С. Абылаев пен Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакенов спорттық сабақтар мен шығармашылық үйірмелерді дамытуда мүмкіндігі шектеулі балаларды қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ветеринария басқармасының басшысы Қ.С.Тұрсынбеков қаңғыбас жануарлардың жағдайы туралы баяндады.
Е.Ш. Әліқұлов комиссияның жұмысын қорытындылай келе, барлық құрылымдардың жұмысындағы ең бастысы – білім беру ұйымдарында, үйде және көшеде, аула алаңдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін еске салды.
3-14 сәуір аралығында өтетін «Қауіпсіз терезе» республикалық акциясын ұйымдастыру бойынша қалалар мен аудандарға тапсырмалар берілді.









