Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау алдындағы үгіт 2023 жылдың 18 наурызында жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады.

Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.

Дата публикации
17 марта 2023