Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясының
хабарламасы
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеудің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 89-бабы 4-3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгітті бұзу фактісінің анықталғаны туралы 2023 жылғы 10 наурызда күшіне енген 24.02.2023 жылғы шешімі негізінде № 18 округтік сайлау комиссиясы кандидат Жаслан Болатұлы Айтмағанбетовті тіркеудің күшін жояды.
№ 18 округтік сайлау комиссиясы