Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясының
хабарламасы
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеуді күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 89-бабы 4-3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сайлау алдындағы үгітті бұзу фактісінің анықталғаны туралы 2023 жылғы 14 наурызда күшіне енген 02.03.2023 жылғы шешімі негізінде № 18 округтік сайлау комиссиясы кандидат Теміртас Саянұлы Нағиметуллаевті тіркеудің күшін жояды.
№ 18 округтік сайлау комиссиясы