Қарағандыда «Еңбек саласындағы әйелдер» республикалық дөңгелек үстелінің отырысы өтті
2023 жылғы 3 наурызда Қарағанды облысының Кәсіподақтар үйінде 8 наурызды мерекелеуге орайластырылған «Еңбек саласындағы әйел» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары - еңбекші әйелдер істері жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Гүлнар Жұмагелдиева қатысушыларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелерінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Ол Федерацияның гендерлік саясатының басты мақсаты - еңбекші әйелдердің жағдайын, олардың мансаптық өсу, кәсіптік оқыту құқықтары мен мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ отбасы мен жұмыс арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтау екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әйелдердің 65%-ы ҚРКФ мүшелері болып табылады. 18 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 67%-әйелдер басқарады.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, Республикалық Әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Ферхо, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы төрайымы Айгүл Мұқашева құттықтау сөз сөйледі.
Елена Тарасенко елімізде кемсітушілікке жол бермеу, еңбек саласындағы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Ол 2019 жылғы Меморандум шеңберінде Кәсіподақтар федерациясы мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдіктері арасындағы өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығы жанындағы Еңбекші әйелдер істері жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы туралы Комиссия төрайымы Алмагүл Өсерова айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша еңбекші әйелдерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ерекше еңбегі үшін «ҚАЗПРОФТРАНС» салалық кәсіподағының Қарағанды филиалының бас сарапшысы Галина Прохорец «Кәсіподақ Ардагері» ҚРКФ медалімен марапатталды.
Жұмысшы әйелдердің өзекті мәселелерін сындарлы талқылау барысында әйелдердің жағдайы мен мүмкіндіктерін жақсарту бойынша барынша тиімді шаралар әзірленді.




