Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеудің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабының 4-3-тармақтарының 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтері негізінде, 2023 жылдың 23 ақпанында № 18 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Махмут Қасланұлы Әліпбергеновті 2023 жылғы 9 ақпандағы тіркеу туралы шешімінің күшін жойды.
№ 18 округтік сайлау комиссиясы