2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеудің күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 19 округтік сайлау комиссиясының
хабарламасы

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеудің күшін жою туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабының 4-3-тармағының 4 тармақшасы негізінде Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметтері негізінде № 19 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Шаекин Рауан Михайловичті, 1962 жылы туған, "РОСТ Басқарушы компаниясы" ЖШС директорын тіркеудің күшін жояды.

№ 19 округтік сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 февраля 2023