2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу туралы (№ 18 округтік сайлау комиссиясы)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі № 18 округтік сайлау комиссиясының
хабарламасы

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарды бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабына сәйкес № 18 округтік сайлау комиссиясы ағымдағы жылғы 16 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттыққа келесі кандидаттарды тіркеді:

1

Айкеев Нұрлан Аманжолұлы

1968 ж.т., «Мұнайөзен КТН» ЖШС директоры, Қарағанды қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған

2

Айтмағанбетов Жаслан

1983 ж.т., «Қазақстан Тұтынушылары Республикалық Қауымдастығы» ЗТҚ ҚБ президенті, Қарағанды қаласында тұрады, «Қазақстан Тұтынушылары Республикалық Қауымдастығы» ЗТҚ ҚБ ұсынған

3

Әліпбергенов Махмут Қасланұлы

1964 ж.т., «Тау-Кен-Самұрық» ҚХП АҚ тау-кен жобалары бойынша сарапшы, Қарағанды қаласында тұрады, «Қазақстан Халық Партиясы» ҚБ ұсынған

4

Бексұлтанов Құдайберген

1956 ж.т., қоғам қайраткері, Қарағанды қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынған

5

Камали Жібек Камалиқызы

1962 ж.т., «Персона» фитнес клубының директоры, жеке кәсіпкер, Қарағанды қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған

6

Таубаев Нұрлан Бекұлы

1977 ж.т., адвокат, «Фемида» Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, Қарағанды қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған

7

Шорин Сәбит Сексембекұлы

1964 ж.т., «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ оқытушысы, Қарағанды қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған

 

№ 18 округтік сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 февраля 2023