Аудандық "Нұра" газеті. Үгіт-насихат кезеңінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатының сайлауына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутат кандидаттарының назары үшін!

"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық "Нұра" газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік материалдары үшін төлемақы мөлшері мен баспа алаңын беру тәртібі мен шарттары туралы хабарлайды.

Заңнамаға сәйкес, мемлекет кандидаттарға БАҚ-та өз бағдарламалары мен сөз сөйлеу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға БАҚ-та эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары әлдебір артықшылық тудырмауға тиіс екенін ескере отырып, газетте белгілі бір газет беттері бөлінеді. Материалдарды орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Баспа алаңдарын ұсыну үшін жазбаша шарт жасалады. Аудандық “Нұра” газетінде материалдарды орналастыру құны 1 шаршы сантимерт үшін ҚҚС-ті есепке алмағанда 90 теңгені құрайды. Төлем банктің реквизиттері өткізіледі.

Аудандық "Нұра" газетінің редакциясы

Дата публикации
11 февраля 2023