«Shet shugylasy» аудандық газеті. Үгіт-насихат кезеңінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатының сайлауына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Шет аудандық қоғамдық-саяси «Shet shugylasy» газетінің 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарына кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарына депутаттарына партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін жарияланымдар беруінің жалпы шарттары

 

Шет аудандық қоғамдық-саяси «Shet shugylasy» газеті меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия); 2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын Кандидатпен немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының БАҚ-та жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ және орыс тілдерінде тілінде Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің редакция басшысының атына жазған жазбаша өтініші шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Газетке жарияланым жасау Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді.

 

Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге өтінішпен бірге шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, жариялаудан шығарудан бас тартады.

Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарына басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды газетке шығарудан бас тартуға құқылы.

Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

№

Қызмет атауы

өлшем ірлігі

Бағасы (теңге)

1

Жарияланым

шаршы см

250-00 теңге 

2

А3 форматында плакат

дана

2000-00 теңге

3

6 парақта Брошюра

дана

2000-00теңге 

4

Фото 3*4

дана

150-00 теңге

 

  • Шет аудандық қоғамдық-саяси «Shet shugylasy» газеті, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көш. 73, тел 8(71031)21142, 50903, 50972

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

 

Шет аудандық қоғамдық-саяси «Shet shugylasy» газеті

Дата публикации
11 февраля 2023