Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына!
"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық "Нұра таңы" газетінің редакциясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік материалдары үшін төлемақы мөлшері мен баспа алаңын беру тәртібі мен шарттары туралы хабарлайды.
Заңнамаға сәйкес, мемлекет кандидаттарға БАҚ-та өз бағдарламалары мен сөз сөйлеу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға БАҚ-та эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары әлдебір артықшылық тудырмауға тиіс екенін ескере отырып, газетте белгілі бір газет беттері бөлінеді. Материалдарды орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Баспа алаңдарын ұсыну үшін жазбаша шарт жасалады. Аудандық “Нұра таңы” газетінде материалдарды орналастыру құны 1 шаршы см үшін ҚҚС-ті есепке алмағанда 100 теңгені құрайды.
Аудандық "Нұра таңы" газетінің редакциясы