Әдістемелік көмек көрсету аясында ағымдағы жылдың 7 ақпанында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері С.Асылбекова, С.Есмағамбетов Теміртау қалалық сайлау комиссиясының, аумақтық комиссиялар мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасының мәселелері бойынша түсініктеме берді. Аумақтық комиссия мүшелерінің өкілеттіктеріне қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
