2023 жылғы 8 ақпанда сағат 18.00-дегі жағдай бойынша облыстық сайлау комиссиясына Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды келесі саяси партиялардан ұсыну бойынша партиялық тізімдер ұсынылды:
- "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы;
- "Байтақ" қазақстандық Жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өңірлік филиалы;
- "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы;
- "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы;
- "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы.
Партиялық тізімге барлығы 59 облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар енгізілді.
Облыстық сайлау комиссиясы