«Айқын-Литер»: газеттер. Үгіт-насихат кезеңінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатының сайлауына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС-на кезектен тыс сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінде баспа алаңын ұсынуының жалпы шарттары

19 наурыз 2023 жыл

 

«АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) – AIQYN, «Литер» және Turkistan  газеттерінің меншік иесі (бұдан әрі – Газет) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №104 Жарлығымен тағайындалған 2023 жылғы 19 наурыздағы кезекттен тыс  сайлауға қатысу үшін партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға  (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін газеттің баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Партиялық тізімдер бойынша, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгiті 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.00-де басталып 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады, осылайша, үгіт материалдары Газеттегі баспа алаңында көрсетілген мерзімде орналастырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру үшін Газеттегі баспа алаңдарын ұсыну Серіктестік пен Кандидат не Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған үгіт материалдарын орналастыру үшін газет баспа алаңын ұсыну туралы жазбаша шарт (бұдан әрі - Шарт) негізінде жүзеге асырылады. Кандидат не Кандидаттың уәкілетті өкілі Серіктестікпен жасалған шартқа қол қоюы Кандидат не Кандидаттың уәкілетті өкілі Серіктестіктен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді қабылдауға келісімі болып табылады.

Баспа алаңына беру үшін Кандидат не Кандидаттың уәкілетті өкілі Серіктестікке келесі ақпаратты Серіктестік басшысының атына жазбаша өтінішпен ұсынады:

1) үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну жайлы жазбаша өтінішті беру, күні мен уақыты. Өтініш Кандидаттардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналында, Кандидаттар үшін әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір беру және оның келіп түскен күні арқылы   кандидаттардың жазбаша өтініштері журналында кезектілік тәртібімен тіркеледі;

2) Кандидаттың жазбаша өтініш беретін уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның Т. А. Ә.;

3) тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжат, (сенімхат, жеке куәлік/паспорт,– уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның тіркеу куәлігі;

4) Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімінің көшірмесі;

5) үгіт материалдары алып отырған алаңның жоспарланған көлемін көрсете отырып, жазбаша өтініштің мазмұны, орналастырулар саны, орналастырулар көлемі, кестесі (медиа-жоспар), орналастырудың болжамды күндерін көрсете отырып, мерзімді баспасөз басылымының (Газеттің) атауы көрсетілуге тиіс. Осы ұсыныстардың негізінде Серіктестік шартқа қосымша болып табылатын техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, баспа алаңдарын беру кестесін (медиа-жоспарын) әзірлейді.

6) Қағаздағы үгіт материалдары мәтінінің толық жазылуы (әрбір ұсынылған парақта партиялық тізімін ұсынған  саяси партияның уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның қолы қойылған) электронды жеткізгіште болуы;

7) жазбаша өтініш ұсынған уәкілетті (сенім білдірілген) тұлғаның қолы;

Жазбаша өтінішке сілтеме жасалған құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Үгіт материалдарымен бірге сол материалдарда суреті көрсетілген тұлғалардың рұқсаты жазба түрінде ұсынылуы керек, егер олар қайтыс болған жағдайда мұрагерлердің рұқсаты болуы қажет. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың суреті қолданылған жағдайда олардың ата-анасы/асырап алушы/қамқоршысының жазба түріндегі рұқсаты қажет.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігін Серіктестік жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгілейді.

Кандидаттардан  өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда Серіктестік сол күні жеребе тастайды. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастыру кезектілігіне дау айтатын кандидаттар не кандидаттың мүддесін білдіретін уәкілетті тұлға және даудың тәуелсіз тарабы ретінде Серіктестіктің өкілі қатысады. Конверттер саны дауға қатысушылардың санына тең. Жеребе тастау аяқталғаннан кейін дауға қатысушылар мен Серіктестік өкілі жеребе хаттамасына қол қояды.

            Үгіт материалдары Серіктестікке баннерлер және/немесе мақалалар түрінде беріледі.

Үгіт материалдары Серіктестікке пошта арқылы: reklama.liter@gmail.com электронды пошта мекенжайларына және/немесе электронды тасымалдағышта қолма-қол Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, Р1 «АЙҚЫН – ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі мекенжайы бойынша орналастыру күніне дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей (жұмыс уақыты ішінде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін), мақалалар үшін – макеттер үшін – TIFF форматында; мақалалар үшін – WORD форматында; фотосуреттер үшін JPEG форматында ұсынылады.

Ұсынылған үгіт материалдарын Серіктестік кандидаттың (журналистің, дизайнердің жұмысы) тиісті өтінімі бойынша бекітілген прайс-параққа сәйкес қосымша төлем үшін пысықтауы мүмкін.

Кандидат баспасөзге дайындалған үгіт материалдарын газет шығатын күннің алдындағы күнгі 16 сағаттан кешіктірмей орналастыруға келіседі.

Үгіт материалдарында (жарияланымдарда) қаржыландыру көздері туралы ақпарат, ақпарат берген  тұлғаның тегі қамтылуы тиіс.    

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапты болады.

Серіктестік, егер үгіт материалдарда республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеяларын қамтыса, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпарат, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы өнімдері көрсетілген жағдайда үгіт материалдарын қабылдаудан (жариялаудан) бас тартуға құқылы.

Серіктестік басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Кандидат Серіктестіктің талап етуі бойынша материалдардағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды беруге міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде үгіт материалдарын басып шығару жүргізілмейді.

Үгіт материалдарын AIQYN және «Литер» газеттеріне орналастыру мереке күндерін ескере отырып, бекітілген кестеге сәйкес аптасына  (үш) рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі), Turkistan газетінде аптасына 1 (бір) рет (жұма) жүзеге асырылады. Газеттерді тарату Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық өңір бойынша жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын Газеттерге орналастыру құны, сондай-ақ қосымша қызметтердің құны қоса беріліп отырған Бағалар-анықтамалығында көрсетілген:

Үгіт материалдарын орналастыру Серіктестік ұсынған төлем шотының негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала төлем бойынша жүзеге асырылады. Төлем Шартта және төлем шотында көрсетілген Серіктестіктің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштерді Серіктестік осы Ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап 2023 жылғы 18 мамырға дейін қоса алғанда, жұмыс күндері (сенбі, жексенбі, мереке күндерін қоспағанда) Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, Р1 «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС кеңсесі, байланыс мекенжайы бойынша 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылдайды. Тел.: +7(7172)76-84-66, : reklama.liter@gmail.com

Жазбаша өтініштер интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

 

 

 « ­­­­АЙҚЫН-ЛИТЕР»  ЖШС                                  

 

 

 

 

Дата публикации
08 февраля 2023