«КАК БЫ РАДИО» радиостанциясы. Үгіт-насихат кезеңінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатының сайлауына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету

«TERRA» ЖШС 2023 жылдың 19 наурызындағы Мәжіліс депутаттары мен Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын кандидаттарға «КАК БЫ РАДИО» радиостанциясында

эфирлік уақытты ұсынудың жалпы шарттары

 

«TERRA» ЖШС «КАК БЫ РАДИО» (әрі қарай – Радиостанция) радиостанциясының меншік иесі бола отырып, 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес 2023 жылдың 19 наурызындағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін 2023 жылдың 19 қаңтарындағы № 104 «Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» және № 105 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасының Президент Жарлығы негізінде тағайындалған Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттарының және Қазақстан Республикасының Мәслихат депутаттарының кадидаттарына (әрі қарай – Кандидаттар) сайлау алдындағы үгіт материалдарын (әрі қарай – үгіт материалары) орналастыру үшін Радиостанцияда эфирлік уақытты ұсыну шарттары мен тәртібі туралы, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдыңдағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын эфирге орналастыру 2023 жылдың 18 ақпаны сағат 18.00-ден 2023 жылдың 18 наурызы сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Радиостанциядағы эфирлік уақыт қолда бар техникалық мүмкіндіктерді, яғни Радиостанцияның эфирлік уақытының болжамды уақыт аралығындағы жарнаманың болуын және/немесе болмауын ескере отырып ұсынылады.

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақыт 30 секундтан аспайтын хронометражды аудиороликтер түрінде ұсынылады.

Үгіт материалдарын орналастыру құны ҚҚС қоспағанда минутына 10000 теңгені құрайды. 

30 секундтан аспайтын бір ақпараттық аудиороликті жүргізу құны – 20000 тг (әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде).

Тікелей эфирге қатысу — 15000 тг/минут

«Как бы радио» (107 fm) радиостанциясының хабар тарату радиусы: Қарағанды қаласы, 50 – 80 км (барлық жақын спутниктік-қалалар: Теміртау, Абай, Ақтас, Сараң, Шахтинск, Шахан және басқалары). Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Басқарманың деректері бойынша ықтимал аудтория – 650-700 мың радиотыңдармандар.

Жеңілдіктер қарастырылмаған. Құрылған шарт бойынша төлем Радиостанцияның меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде шот ұсынылған сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде Радиостанция меншік иесінің банктік деректемелеріне жүзеге асырылады.

Эфирлік уақытты ұсыну тәртібі

Радиостанцияда эфирлік уақытты ұсыну Радиостанцияның меншік иесі мен Кандидаттың, не Кандидаттың уәкілетті өкілінің арасында құрылатын эфирде үгіт материалдарын орналастыруға арналған шарт негізінде және Радиостанция бекіткен монтаж парақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте үгіт материалдарының монтаж парақтары болжамды эфирге шыққанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын әзірленеді. Көрсетлген мерзімге жазбаша өтінішті беру күні есепке алынбайды. Үгіт материалдары Радиостанция эфирінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Эфирде үгіт материаларын орналастыруға шарт құру үшін Кандидат не оның уәкілетті өкілі Радиостанцияның меншік иесі басшысының атына келесі мекен-жай бойынша жазбаша өтініш ұсынады: Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 32А, 53 пәтер (жеке кіру).

Өтініштер факсимильдік байланыс және деректерді беру желісі арқылы қабылданбайды.

Үгіт материалдарын орналастырудың түрі, хронометражы, саны, болжамды күні мен уақыты, қаржыландыру көзі туралы ақпарат кейін шартта бекітілетін Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

Эфирде үгіт материалдарын орналастыруға арналған жазбаша өтініштерге қоса берілуі тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  3. өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. шарт құру үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Радиостанцияның эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не, егер өтініш бір уақытта түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребені өткізу тәртібі мен шарттарын Радиостанцияның меншік иесі анықтайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтке сұрау салынатын уақыт бұрын жүгінген басқа Кандидатқа берілген не техникалық мүмкіндіктері бойынша берілмеген жағдайда Радиостанция үгіт материалдарын орналастыру үшін Радиостанцияның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, өзге уақытты ұсынады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары Радиостанцияның меншік иесіне Радиостанцияның эфирінде болжамды шыққанға дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын материалдық тасымалдағыштарда: DVD, CD, қатты диск (HDD) немесе USB 2.0, USB 3.0 флеш карталарда келесі техникалық сипаттамалармен Радиостанцияның меншік иесімен эфирлік уақытты ұсыну туралы Шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған ілеспе хатпен бірге ұсынылады:

—HDD немесе NTFS немесе FAT32 флеш-карталары үшін файлдық жүйе;

—WAV пішімі: 44100 Гц, 16 бит;

—MP3 пішімі: 44100 Гц, 320 кбит.

Үгіт материалдары олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тұлғаның тегі туралы дыбыстық ақпаратты құрауы тиіс.

Егер үгіт материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздықты туғызу, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамамен көзделмеген әскери құрама құру идеяларын құраса, Радиостанцияның меншік иесі оларды эфирге шығарудан бас тартады.

Радиостанцияның меншік иесі материалда басқа да тіркелген кандидаттардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Осы материалды ұсынған кандидат Радиостанция меншік иесінің талабы бойынша үгіт материалдары жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты қамтитынын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады. Осы хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде хабарлама үгіт материалдарының эфиріне жіберілмейді, не бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Директор                                                                                               

«TERRA» ЖШС ( «Как бы радио» радиостанциясы)

Е.И. Шайхуллина

Дата публикации
07 февраля 2023