«NS Радио». Үгіт-насихат кезеңінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатының сайлауына қатысушыларға ақпараттық қолдау көрсету

Ақпараттық хабарлама

 

«NS Радиосы - Ұлттық желі» Телерадиокомпаниясы» ЖШС - «N-S Радиосы радиостансасының иесі (бұдан әрі - Радио), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығымен тағайындалған 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды Радиода үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін төлем мөлшері, эфир уақытын ұсынудың шарттары және тәртібі туралы хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт материалдарын радиоға орналастыру 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін жүзеге асырылады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Эфир уақыты Орталық сайлау комиссиясының кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негізінде Радио басшысының атына жазбаша өтініш бойынша беріледі.

Үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған эфир уақыты саяси партияларға келісім-шарт негізінде және радионың бекітілген монтаж қағаздарына сәйкес беріледі. Сонымен қатар, монтаж қағаздары үгіт-насихат материалдары эфирге шығуынан 3(үш) күнтізбелік күннен бұрын, жазбаша өтініш берген күні Радионың техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, яғни, Радионың эфирлік уақытының болжалды уақыт межелдемесінде жарнаманың болу/болмауына байланысты дайындалады.

Радиода эфир уақытын беру мемлекеттік және орыс тілдерінде 50х50 арақатынасында 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудиороликтерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Эфирде жарияланатын үгіт-насихат материалдарының саны, көлемі, ұзақтығы, шығатын күні мен уақыты уәкілетті өкілдің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

Үгіт-насихат материалдары Радиоға эфирге шығуынан 3(үш) күнтізбелік күн бұрын, 320 kbps / 44100 Hz; МР3 форматында тапсырылуы тиіс.   

Барлық үгіт-насихат материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы керек.

Эфир уақытын жариялау кезектілігі Радио бекіткен жазбаша өтініштердің түсу тәртібіне немесе егер өтініштер бірмезгілде түскен жағдайда жеребе тастау арқылы анықталады. Жазбаша өтініш келіп түскен күні, сұралып отырған уақыт, ертерек жүгінген басқа саяси партияға берілсе, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты беру мүмкін болмаса, Радионың техникалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Радио үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін басқа уақытты ұсынады. 

Нағыз ақпараттық хабарландыруда көрсетілген шарттар мен тәртіп, сонымен қатар, тиісті келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, үгіт-насихат материалдары эфирге шықпайды немесе заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады.

Радио меншіктенушісі егер үгіт-насихат материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Республика тұтастылығының бұзылуы, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздық, қатыгездік және зорлық табынушылық идеялар, сондай-ақ, заңда алдын-ала қарастырылмаған әскери құрылым жасау, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, өзін-өзі өлтіруге ықпал ететін, оларды жүзеге асыру кезеңінде терроризмге қарсы операциялардың техникасы мен тактикасын ашатын, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың баламалары мен прекурсорларын насихаттайтын, сондай-ақ, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның, саяси партияның тізіміне енгізілген үміткердің ар-намысына, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, эфирге шығарудан бас тарта алады.

Нағыз хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес реттелуі мүмкін.

Эфирлік уақытты ұсынудың құны:

Астана, Алматы, Шымкент, Абай облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, БҚО, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, СҚО - 30 секундқа дейінгі бір аудиороликтің бір шығысы үшін  ҚҚС қоса есептегенде, 3 471,43 (үш мың төрт жүз жетпіс бір) теңге 43 тиын. 30 секундтан ерекшеленетін аудио роликтерді орналастыру кезінде келесі коэффициенттер қолданылады: 31-45 секунд-1,5; 46-60 секунд-2,0.

Эфирлік уақытты беру құнына Радионың барлық қолжетімді орталарда (эфирлік, спутниктік, Интернет желісінде онлайн таралым) трансляциясы мен ретрансляциясы кіреді.

Радио меншіктенушісі есепшотты ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеу туралы есепшот негізінде эфирлік уақытты беру туралы жасалған келісім бойынша төлем жасалады.

Әрбір кандидат немесе саяси партия үшін бір минуттық эфир уақытының бірдей құнына кепілдік беріледі. Материалдардың саны, кестесі және орналастыру уақыты шартта белгіленеді.

Эфир уақытын беру үшін партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сенім білдірілген адамы, Мәслихат депутаттығына кандидат не оның уәкілетті өкілі толық аты-жөнін, үгіт-насихат материалдарын шығарудың жоспарланған күні мен уақытын көрсетіп, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін эфирлік уақытты беру туралы жеке қолтаңбасы бар жазбаша үлгіде (өтініш) береді.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1)кандидаттардың, партиялық тізімдердің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (ҚР ОСК шешімі);

2) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, кандидаттар өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3 өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Барлық өтініштер партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналына кезектілік ретімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірді, өтінішті қабылдау күні мен уақытын беру арқылы тіркеледі.

Радионың меншік иесі жазбаша өтініштерді 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2023 жылғы 14 наурызды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 12 сағат 00 минуттан 16 сағат 00 минутқа дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, Алматы қаласы,.Самал-1 ш/а, 36 үй мекенжайы бойынша, сондай-ақ anosachenko@ns.kz.электрондық поштасы арқылы қабылдайды.

Факсимильді байланыс және мессенджерлер арқылы өтініштер қабылданбайды.

 

 

«NS Радиосы - Ұлттық желі» Телерадиокомпаниясы» ЖШС
Бас директоры
Бегімбетов Е.М.

Дата публикации
06 февраля 2023