Газета «Бұқар Жырау жаршысы». Информационная поддержка участникам выборов маслихата и Мажилиса Парламента РК в агитационный период

Сайлау-2023

Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Парламент Мәжілісінің депутатына үміткерлердің назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28 бабының 3 пунктіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары келісімді негізде Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына үміткерлікке тіркелген бір мандатты территориалдық сайлау округтері бойынша өзін өзі ұсынушыларға саяси партиялардан ұсынылғандар үшін баспа аумағын ұсынады.

«Бұқар жырау жаршысы» ЖШС 1 кв. см. баспа көлемінің ортаңғы беттерінде (түрлі түстіден басқа) аудандық «Buqar jyraý jarshysy» аудандық газетінде қосымша құнға салықты есептемегенде 200 теңге тұратынын хабарлайды.

Газет аумағын ұсыну Мәжіліс Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының баспа үгіт материалдарын жариялау үшін газетпен жасалған жазбаша келісім негізінде жасалады.

Үгіт баспа материалдары газет редакциясына модульдер түрінде немесе қағазға басып шығарылған мақалалар түрінде (әрбір бетінде үміткердің немесе оның сенім артқан өкілінің қолы қойылумен) және электронды тасымалдағышта газеттің шығуына үш күн қалғанда әкелінеді. Баспа материалдарының басылу кезектілігі газет редакциясымен жазба хабарлама түскен соң белгіленеді. Егер бір уақытта саяси париялардан және бірнеше кандидаттан жазбаша хабарлама түскен жағдайда, осы күні газет редакциясы жеребе тас- тау әдісін жасайды. Жеребе тастауға саяси партиялардың баспа материалдарының жариялануына кезектілікті жүзеге асырушы өкілдері және үміткердің уәкілдері, бұқаралық ақпарат құралы даудың бейтарап жағының өкілі ретінде қатысады. Үгіт материалдары газет редакциясының 5 (бес) банкілік күні ішінде қойылған есебі негізінде жарияланады.

Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті және мәслихаттардың депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт материалдарында қаржыландыру көзі көрсетілуі керектігін естеріңізге саламыз.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.

Дата публикации
29 января 2023