2023 жылғы 23-24 қаңтарда Қарағанды облысына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Тимуровна Шужеева әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметіне мониторинг жүргізу мақсатында келді

2023 жылғы 23-24 қаңтарда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қарағандыға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі, "Techno Woman" коммерциялық емес ұйымының президенті, "Цифрлық трансформация" ҚҚ басшысы Азиза Тимурқызы Шужеева келді.

Мониторинг кезінде А.Т.Шужеева келесі объектерге барды:

  • Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлік орталығына;
  • "Аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығына";
  • "№2 Білім-инновация "мектебіне;
  • "Терриконовая долина" ЖШС өңірлік IT-Hub-на;
  • "Шаңырақ" көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына;
  • "Шанс" ЖҚ жанындағы Дағдарыс орталығына

А.Т.Шужеева Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұловпен, кәсіпкер әйелдермен, IT-мамандармен, қоғам қайраткерлерімен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелерімен кездесті.

Кездесулердің ерекшелігі ашық диалогқа, транспаренттілікке, облыстық комиссия мүшелерімен және Ұлттық комиссияның қолдауымен шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді, жағдайларды анықтауға бағытталды.

Қорытынды іс-шара болып, 2022 жылғы комиссия қызметінің мәселелері және 2023 жылға арналған міндеттер бойынша әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысын өткізу болды. Комиссияның отырысына селекторлық режимде облыстың барлық қалалары мен аудандары қатысты.

Ана мен бала өлімі, дағдарыс орталықтарының, отбасын қолдау орталықтарының қызметтері, мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық сабақтар мен үйірмелермен қамту мәселелері талқыланды.

Комиссия жұмысында проблемаларды ашып көрсету де, оларды шешу үшін конструктивті нақты шаралар қабылдау да маңызды. Сондықтан комиссия мүшелерінің қызметін бағалау критерийлерін анықтау, олардың белсенді қатысуы, жұмыс тиімділігін арттыру жолдары алдағы жылдың басты міндеттері болады.

 

 

Дата публикации
24 января 2023