Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшелері Айжан Казимировна Қиясова және Қарағанды облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Гүлбану Ратаевна Сәтбаева-Алпысбаева өмірлік қиын жағдайға тап болған 5 аз қамтылған отбасына барды. Осы отбасылардың 20 баласы жаңа жылдық тәтті сыйлықтар мен жаңа жылдық дастарханға алма салынған қорап алды.




