Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

 

«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары (газеттер, журналдар), теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 13 қаңтар күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 16 қаңтар күнгі сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға ________ деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 8 және 34-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

 

 

 

Республикалық және өңірлік
деңгейлерде мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

 Тапсырысқа қатысуға өтінім

  1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) \тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (жеке тұлғалар үшін): ______________________;
  2. Орналасқан жері: ________________________________________;
  3. Телефон (факс) нөмірі: ____________________________________;
  4. Бұқаралық ақпарат құралының атауы (мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар, интернет-ресурстар): _____________________________________.
  5. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (мерзімді баспа басылымдары, теле -, радиоарналар, интернет-ресурстар үшін): _________________________________________.
  6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (егер қатысушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда).
  7. Өтінім берілген тақырыптық бағыттың атауы _________________________________________________________.
  8. Электрондық мекенжайы _________________________________.

___________________________________ ________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) қолы

мөрдің орны (бар болған кезде)

20__ жылғы "__" ____________

 

 

 

 

Республикалық және өңірлік
деңгейлерде мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
5-қосымша

 Өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі

  1. Телеарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының және/немесе телерадио хабарларын тарататын операторлардың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік және/немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы телеарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;

2) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудиовизуалды өнім жөнінде портфолио;

3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын өз өндірісіндегі контенттің апта сайынғы (соңғы екі тоқсандағы) хабар тарату көлемі туралы (пайыздық қатынасы және өз өнімінің тізбесі бар) растау хаты;

5) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-ресурстың болуын не болмауын растайтын құжат;

6) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын күн сайынғы өңірлік контенттің (соңғы айдағы) көлемі туралы растайтын хат (пайыздық арақатынасы және өнім тізбесі бар), өңірлік контент өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету болып табылады;

8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтиды. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.

Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы, өндіріс тілі, тұтыну аудиториясы, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуы және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасы, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

  1. Радиоарналар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында аналогтік эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы радиоарнаның хабар таратуын ұйымдастыратыны туралы растау хаты;

2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық операторымен шарт болмаған жағдайда, үміткердің берілген жиіліктерді пайдалану туралы растайтын құжаты үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;

3) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын интернет-ресурстың болуын не болмауын растайтын құжат;

4) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

5) қағаз тасығышта таныстырылым түріндегі шығарылған аудио өнім жөнінде портфолио;

6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

7) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасы мен жоба туралы қысқаша ақпаратты және синопсисті қамтилы. Жоба туралы қысқаша ақпарат – тақырыпты, хабарды, жанрды, хронометражды, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтитын ақпарат, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын қатысушы дербес айқындайды.

Жаңалық сюжеттері бойынша шығармашылық ұсынысқа тақырыптық бағыттарға сәйкес қызметтерді орындау жобасын, өндіріс тілін, тұтыну аудиториясын, сондай-ақ осындай жобаны өндіру тәжірибесінің болуын және оны болашақта ілгерілету ауқымының сипаттамасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

  1. Мерзімді баспа басылымдары үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) газеттер үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы айда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама, журналдар үшін әр нөмірдің таралымын көрсете отырып, соңғы тоқсанда шығарылған таралымның саны туралы баспаханадан анықтама;

2) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын соңғы айдағы мерзімді баспа басылымын шығарудың мерзімділігі туралы анықтама;

3) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын газеттің әлеуметтік желілерде кемінде бір аккаунтының болуы туралы анықтама;

4) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылатын мерзімді баспа басылымының интернет-ресурсының болуын немесе болмауын растайтын құжат;

5) жазылушыларды көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, журналдың әлеуметтік желілерде аккаунттарының болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

6) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

7) үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастырушы адамның қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылатын өңірлік контенттің шығарылатын газет өнімінің көлемі туралы растау хаты (пайыздық арақатынаста алғанда және газет нөмірлерінің әрбір шығарылымының даналары бар), өтінім берілген әкімшілік-аумақтық бірліктің қызметін жария ету өңірлік контент болып табылады;

8) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын , оның ішінде ақпаратты берудің, ресімдеудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуі мен мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

  1. Интернет-ресурстар үшін өтінімге мыналар қоса беріледі:

1) арнайы веб-ресурстан соңғы айдағы бірегей пайдаланушылардың саны туралы растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

2) арнайы веб-ресурстан интернет-ресурстың мобильді қосымшасының болуын немесе болмауын растау құжаты, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

3) техникалық, шығармашылық және/немесе журналистік блоктар қызметкерлерінің сандық құрамын (жиынтығында) бөле отырып, лауазымдары көрсетілген қызметкерлердің штат кестесі, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

4) шығарылған бейне өнімді ауыспалы тасығышта (флеш-карталар, CD, DVD және HDD дискілер) қоса бере отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы сілтеме көрсетілген соңғы жыл ішінде шығарылған бейне өнімнің болуы немесе болмауы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады;

5) жазылушыларын көрсете отырып және әлеуметтік желілердің скриншоттарын қоса бере отырып, әртүрлі әлеуметтік желілерде кемінде екі аккаунтының болуы туралы анықтама, ол үміткердің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады;

6) тақырыптық бағыттар бойынша шығармашылық ұсыныстар тақырыптық бағыттарға сәйкес, жарияланымдардың тәсілдерін, жанрларының әртүрлі болуын , оның ішінде ақпаратты берудің өзекті нысандары мен тәсілдерін сипаттайтын көрсетілетін қызметтерді орындау жобасын қамтиды, шығармашылық ұсыныстың ресімделуін және мазмұнын үміткер дербес айқындайды.

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
27 декабря 2022