Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

Облыстық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы 28 қарашадан 5 желтоқсанға дейінгі кезеңде облыстық сайлау комиссиясының отырыстарында: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну, кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу, оларға тиісті куәліктер беру және Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы мәселелер қаралды.

Тиісті хаттамаларға Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қол қойды.

 

Облыстық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 декабря 2022