2022 жылғы 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қарағанды облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" Халықаралық науқаны аясында "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" акциясы басталды.
Акцияның мақсаты: отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызметтер көрсету, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Қарағанды облысында осы акция 25 қараша күні Қарағанды қаласының орталық көшелері (Қ.Аманжолов - Бұқар жырау - К.Дүйсенбеков - Кеншілер) арқылы тиісті баннерлермен көркемделген автошерумен басталды, және полиция автокөлігінің арнайы дыбыстық құрылғысы арқылы акцияның өткізілуі мен мақсаты туралы айтылды.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының әкімдігі, "Мир добра" ҚБ, еріктілер - Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері.
Автошеру облыс тұрғындарының назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару үшін ұйымдастырылды.
Бұл күні эстафетаны "Hanshaym" әйелдерді дамыту клубы "Қазақ аналары-дәстүрге жол" ҚБ облыстық филиалымен бірлесіп "Vogue" мейрамханасында "Жәрмеңке - party" іс-шарасымен жалғастырды.
Жәрмеңке табысты болуға ұмтылған әйелдерді біріктірді. Жас кәсіпкер-әйелдер жоба жетекшісі Меруерт Әлімбаеваның бастамасымен өткізілген мастер-класстар мен дәрістерде алған тәжірибелерімен бөлісті.
Жәрмеңкеде үздік hand-made бұйымдары, ұлттық түсті орамалдар ұсынылды, "Киелі кимешек" көрсетілімі, "Киіз басу" тұсаукесері ұйымдастырылды.
Жәрмеңке аясында "Қазақшаңыз қалай?" конкурс-ойыны, кәсіби макияж, суретке түсіру, хна/ мехенди сурет салу негіздерін көрсету өткізілді.
Автошеру мен жәрмеңке барысында қызғылт сары шарларынан гүлдер, зорлық-зомбылыққа қарсы 300-ге жуық ақпараттық буклеттер таратылды.
"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" акция аясында жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіледі.








