11 қарашада Қарағанды облысының делегациясы "Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен тұрақты дамуға апаратын жол" Қазақстанның ауыл әйелдерінің V Республикалық форумына қатысты. Форум жыл бойы барлық облыстарда өткізілген форумдардың қорытындысы болды.
Біздің делегация құрамында Ақтоғай, Бұқар жырау, Осакаров, Шет, Нұра, Қарқаралы аудандарының өкілдері болды. Делегаттар арасында - "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Г.Ж. Қыздарбекова, ауылдық округ әкімі А.О. Бутеева, кәсіпкер Ю.Ю.Шах, "Майқұдық жұмыртқалары" ЖШС директоры Д.Р. Малгаждарова, "Байдәулет" ШҚ мүшесі Т.Т. Төлегенова, аудан әкімінің орынбасары А.Е. Шайкенова, жастар көшбасшысы Ж.Ө.Бейсенқұлова, "Ақтілеу" ҚҚ директоры Г.К. Ахметова, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Ғ.С. Карисова.
Делегаттар форумды ұйымдастыру комитетінің төрағасы М.А. Айсинаның, сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Форумда "Асқар шындарғаға ту тіккен ауыл әйелдері/100 Жетістік тарихы" атты кітап таныстырылды. Бұл кітапқа облысымыздың 6 табысты әйелінің тарихы енген: Х.Әбитаеваның (Шет ауданы), Г.Агзамованың (Абай ауданы), М.Бердалиеваның (Бұқар жырау ауданы), А.Қалаеваның (Нұра ауданы), С.Төреқұлованың (Қарқаралы ауданы), Ю. Шах (Осакаров ауданы).
Форумда "Coca-Cola белестері" байқауының 20 жеңімпазы, өз бизнесін құруға және дамытуға арналған үздік бизнес-кейстерді ұсынған әйелдер марапатталды. Олардың үшеуі Қарағанды облысынан келгені қуантады.
Форум біздің облыстың барлық әйелдеріне өзін-өзі жүзеге асыру, жұмыс іздеу және табыс табу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Әйелдердің жетістіктері туралы әңгімелер ауыл әйелдеріне өз ісін бастауға, табысты және жақсы өмір сүруге үлгі болады.



