Облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 3 тармағына, 113 бабының 1 тармағына сәйкес әкімдердің сайлауы 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалғаны туралы хабарлайды:

Абай ауданының Көксу ауылдық округі;

Ақтоғай ауданының Жидебай ауылдық округі;

Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті, Бесоба, Қайнарбұлақ, Қырғыз ауылдық округтері;

Осакаров ауданының Ертіс, Қаратомар, Родников ауылдық округтері;

Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кенті.

Дата публикации
23 сентября 2022