Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мерзімді баспа басылымдары арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2022 жылғы 23 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша 2022 жылғы 26 қыркүйек күнгі сағат 15:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға ________ деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.
Қағидалардың 8 және 34-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.
Қарағанды облысының 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі (Ішкі саясат басқармасы)
|
№ |
Қарағанды облысындағы 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағытының атауы |
Өлшем бірлігі |
Көлем |
|
|
Мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер) |
||
|
1. |
Қарағанды өңірінде, оның ішінде еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, Қарағанды облысы азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету саласында әлеуметтік, экономикалық саясатты дамытуды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (мемлекеттік тілде) |
Ш.см. |
11 190, 69 |