|
№ |
ККО атауы |
ККО құрудың нормативтік негіздемесі |
ККО құру туралы НҚА |
Қызметі |
Жұмыс органы |
|
1. |
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 қаңтардағы Заңы, |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 шілдедегі |
Комиссия орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. |
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ -нің ТҚК бөлімі |
|
2. |
Қарағанды облысы әкімдігінің мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясы |
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы №1131 қаулысы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық Заңы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы №01/08 қаулысы |
Комиссия облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану практикасын жинақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың қызметін үйлестіреді және бақылайды |
«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ |
|
3. |
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия |
«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV ҚР Заңы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 22 ақпандағы №06/08 қаулысы |
Комиссия облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және оның міндеттері: |
«Қарағанды облысының полиция департаменті» ММ, «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ АҚЖ бөлімі |
|
4. |
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясы |
ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V 3PK «Азаматтық қорғау туралы» Заңы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы №32/06 қаулысы |
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі Комиссия азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі консультативтік-кеңесші органдар болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылады. |
«ҚР ТЖМ Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ |
|
5. |
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V заңдары |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2004 жылғы 18 мамырдағы №10/13 қаулысы |
Кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүзеге асырады. |
«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ |
|
6. |
Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия |
Қазақстан Республикасының Заңы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 03/07 қаулысы |
Комиссия облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеттері: Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. |
«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ АҚЖ бөлімі |
|
7. |
Қарағанды облысы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары (жаңа редакцияда-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 02 ақпандағы қаулысымен) |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 ақпандағы № 04/12 қаулысы |
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті мыналар бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады: 1) өңірдің үдемелі индустриялық - инновациялық дамуы тұрғысынан дамуы маңызды болып табылатын өнеркәсіптің нақты Кіші салалары мен секторларын айқындау. 2) өңір экономикасын қамтамасыз ету үшін іске асырылуы қажет үдемелі индустриялық-инновациялық, инвестициялық және экспорттық саясат іс-шараларын қамтитын болады. |
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ |
|
8. |
Инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес |
Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 143 Жарлығы |
Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №05р өкімі |
Кеңестің қызметі ірі инвестициялық жобаларды (инвесторлардың проблемалық мәселелерін қарау және шешу) іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды және өнеркәсіптік секторды индустрияландыруға, Қарағанды облысының шағын және орта бизнесін дамытуға жәрдемдеседі. |
«Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ |
|
9. |
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия |
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 - II ҚР Заңы, «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2001.06.11 №789 ҚР Үкіметінің Қаулысы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі №24/03 қаулысы |
Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. |
Комиссия хатшысы – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы |
|
10. |
«Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру туралы қолдаухаттарды қарау жөніндегі Комиссия |
«Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары |
Қарағанды облысы әкімінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 76р өкімі |
Комиссия атақ беру туралы қолдаухаттарды қарайды. |
«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ |
|
11. |
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы N 138 Қаулысы |
Қарағанды облысы әкімінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №18-4 өкімі |
Комиссия отбасы мүдделерін қорғау және гендерлік теңдік, отбасына, әйелдер мен ерлер теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады |
Комиссия хатшысы – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы |
|
12. |
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссия |
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңдары |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 39/30 қаулысы |
Комиссияның міндеттері: Елді мекендерді, құрамдас бөліктерді атау және қайта атау бойынша келіп түскен ұсыныстарды қарайды. ҚР ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес комиссия Аудандық маңызы бар елді мекендер мен құрамдас бөліктерді атау және қайта атау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет. |
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы |
|
13. |
Жер комиссиясы |
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы №07/04 қаулысымен |
Комиссияның функциялары өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы қорытындылар дайындау болып табылады. |
«Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ |
|
14. |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Өңірлік Үйлестіру кеңесі |
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған ұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы " ҚР Үкіметінің қаулысы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы №31/02 қаулысымен |
Үйлестіру Кеңесі Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды іске асыруда, мүгедектердің қоғамның мәдени және спорттық өміріне қатысуын кеңейтуде; инклюзивті білім беруді дамытуда; мүгедектер үшін еңбек жағдайларын жасауда, сондай-ақ мүгедек адамдардың тұрғын үйге құқықтарына қатысты мәселелерде үйлестіруші тетіктердің бірі болып табылады. Еңбек, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу. |
«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
|
15. |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия |
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 Қаулысы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №09/07 қаулысы |
Комиссия облыс аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі орган болып табылады. |
«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
|
16. |
Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб |
«Мемлекеттік органдардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі №129-ө Өкімі |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 41/03 қаулысы |
Штаб нашақорлықтың алдын алу, бағдарламалық құжаттардың орындалу тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс органы болып табылады. Штаб өз жұмысында үкіметтік емес ұйымдармен және қызметі нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылмен байланысты қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды |
«Қарағанды облысының полиция департаменті» ММ, «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ АҚЖ бөлімі |
|
17. |
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Комиссия |
ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік кодексіне, реттеушілік әсерді талдаудың 83-бабына сәйкес. |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 27/05 қаулысы |
Қолданыстағы реттегіш құралдардың күшін жою және оңайлату туралы ұсыныстарды қарау. |
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ |
|
18. |
Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес |
2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 Қаулысы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 89/02 қаулысы. |
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды тұжырымдау бойынша ұсынымдар шығарады |
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ |