Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің
2022 жылғы 22 сәуірде Теміртау қаласының жұртшылығымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан айтылған
ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы
2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша
Ақпарат
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешілу жолдары |
Шешілу мерзімдері |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Орындалу |
|
|
1.
|
Багиров Яшар Меджид-Оглы Теміртау қаласы қоғамдық кеңес өкілі. 1) Қоғамдық кеңеспен өзара іс әрекетті күшейту туралы ұсынысы; |
1.1.Қоғамдық кеңеспен кездесу ұйымдастырылсын. Мұндай кездесулер жүйелі түрде жүргізілсін. |
Тұрақты түрде |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов. |
Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу тұрақты жүргізіледі, айына 1 рет. Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 2 кездесу өткізілді. Тұрақты түрде. |
|
|
2) Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы;
|
1.2. Мамырдың ортасына дейін қоғамдық көлік сапасын бақылау бойынша жұмыс тобы құрылсын, оған қоғамдық кеңес өкілін енгізу қажет.
|
Тұрақты түрде |
Қоғамдық көлік жұмысын мониторингтеу үшін «Теміртау қаласы ТҮК, АЖ,ЖК,ҚжТҮИБ» ММ, қаланың қоғамдық кеңесі, Теміртау қаласының мәслихат депутаттары, Жолаушылар көлігі басқармасы диспетчерлік қызметінің өкілдері енгізілген жұмыс тобы құрылды. Тұрақты түрде. |
|||
|
3) Әлеуметтік желілердегі тұрғындардың сыни ескертпелеріне назардың жеткіліксіздігі. |
1.3. Әлеуметтік желілерде жұмысты күшейту. |
Тұрақты түрде |
Орындалуда. |
|||
|
2. |
Карьерный кентінің тұрғыны Сыздықова Бибигуль Аубакировна. 1) Теміртау қаласынан Карьерный кентіне баратын автожолдарды орташа жөндеу қажет; |
2.1. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін автожолдарды орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілсін. |
2022 жылдың 1 қазанға дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов.
|
«Айбар жол» ЖШС мердігері анықталды. Асфальттау жөніндегі жұмыстар -18.07.2022ж. басталады. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың қазан айының аяғы. Орындалуда. |
|
|
2) Карьерный кентіне азық-түлік жеткізу; |
2.2.ай сайын азық-түлік тауарларын жеткізу ұйымдастырылсын. |
Ай сайын |
Б.А.Сыздыковамен бірге ауланы аралау жүргізілді. Аралау барысында тұрғындар азық-түлік өнімдерін жеткізуді қажет етпейтінін, өйткені Теміртауда қажеттінің барлығын өздері сатып алатынын айтты. Орындалуда. |
|||
|
Станцияға кірме жолды қысқы кезеңде күтіп ұстау қамтамасыз етіледі және тұрақты бақылауда Орындалуда. |
||||||
|
3) Карьерный кентінде қысқы кезеңде жолдарды тазалау туралы;
|
2.3.кесте бекітіліп, оған қысқы кезеңде жолдарды тазалау енгізілсін. |
Қысқы кезеңде |
||||
|
Картографиялық материалдар жасалып, оған ауылдағы барлық үйлердің мекенжайлары енгізілді. Карьерная станциясының картасы ауылға кіре берісте орнатылған. Орындалуда. |
||||||
|
4) Карьерный кенті картаға енгізілмеген, оны жедел қызмет машиналары таба алмайды («жедел көмек», «өрт сөндіру»); |
2.4. кенттің объектілері, мекенжайлары картаға енгізілсін. |
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
||||
|
5) Карьерный кентін жарықтандыру;
|
2.5.Карьерный кентінде жарық тіректері орнатылсын. |
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін аяқталады. Орындалуда |
|||
|
6)кенттегі балалар алаңын жабдықтау;
|
2.6.балалар алаңы орнатылсын. |
2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін |
Кентте балалар алаңын орнату 2022 жылға арналған дислокацияға енгізілді. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, балалар алаңының элементтерінің эскиздік жобасы депутаттармен келісіліп жатыр. Орындалуда |
|||
|
7) Карьерный кентіндегі өрт гидрантын тәртіпке келтіру туралы |
2.7. өрт гидранты орнатылсын. |
2022 жылғы 31 маусымға |
Өрт сөндіру гидранты ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жөнделеді. Орындалуда. |
|||
|
3. |
Әлеуметтік қалашық тұрғыны зейнеткер Ажигалиев Раким. 1)жергілікті атқарушы органдар жұмысына наразылық, әкімдердің жиі ауысуы; |
3.1.ЖАО жұмысындағы кемшіліктер жойылсын. |
Үнемі |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
Жер қатынастары басқармасының басшысы Д.Б.Бұлқайыр, Ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Р.Бикенов |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Орындалуда. |
|
|
2) үй малдарын жаюға жайылымның жоқтығы; |
3.2. өтініш берушінің назарына жайылым орындары туралы ақпаратты жеткізу. |
2022 жылғы 22 сәуірге дейін |
Осы жылдың 26 сәуірінде өтініш берушімен кездесу өткізілді. Әңгіме барысында Р.Әжіғалиев қазіргі таңда мал бағумен айналыспайтынын, алдағы уақытта оны қолға алмақ ниетте екенін айтты. Р.Әжіғалиевке Теміртау қаласында жайылымдық жерлердің қайда орналасқаны түсіндірілді. Орындалды |
|||
|
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Теміртау қаласында мемлекеттік тілде материалдар жариялайтын «Отан-Заман» (5 жыл жұмыс істейді) «Теміртау тынысы» (осы жылдың 1 шілдесінен бастап) газеттері, сондай-ақ «ТТК» ЖШС телеарнасы жұмыс істейді. Ол жаңалықтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде таратады. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі Shunmedia.kz веб-сайтты (http://shyn.tilda.ws/) іске қосылды. Орындалды |
||||||
|
3) мемлекеттік тілдегі газет, журналдар санының жеткіліксіздігіне наразылық. |
3.3. өтініш берушінің назарына мемлекеттік тілдегі баспа және электрондық басылымдар туралы ақпаратты жеткізу. |
2022 жылғы 22 сәуірге дейін |
||||
|
4. |
Қала тұрғыны Хасенова Венера Зериковна. 1) құбырлардың төселгеніне байланысты Луначарский көшесіндегі 101/2,103/2,105/3 үйлерге көлікпен кіру мүмкіндігінің болмауы; |
4.1. кіруді ұйымдастыру және жылу магистралін ауыстыру жұмыстары жүргізілсін. |
2022 жылдың 1 тамызына дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұ.Т.Үсенов |
«Оқжетпес-Т» ЖШС қызмет көрсетуші ұйымы ағымдағы жылдың маусым айында 400 мм. жылу трассасының ауамен өтетін бөлігінің ұзындығы 100 метр болатын құбырды бөлшектеу жұмыстарын жүргізді. Жылу магистралінің жерасты бөлігін төсеу жұмыстары 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі. Орындалуда |
|
|
|
2) «Бистро» кафесі жанында орналасқан кәріз жүйесінің мәселесі |
4.2. кәріз жүйесінің проблемасы жойылсын. |
2022 жылдың 31 мамырына дейін |
2022 жылдың 19 мамырында В.З. Хасеноваға кәріз мәселесін жою үшін техникалық шарттар берілді. Осыдан кейін өтініш беруші мәселені өз күшімен жойды. Орындалды |
||
|
5. |
Теміртау қаласының тұрғыны Кокорина Татьяна Ивановна. 1) Некрасов көшесінде кәріз, орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жоқтығы және жолдарды абаттандыру туралы
|
5.1.жылу құбырлары мен кәріз желілері құрылысына ЖСҚ әзірленсін; - Некрасов көшесі бойынша жолдарды салу жүргізілсін. |
2022-2023 жылдар
2022 жылдың 1 қыркүйекке дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұ.Т.Үсенов |
Ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін су құбыры желілерін қайта жаңғырту бағдарламасы аясында Некрасов көшесінің бойында су құбыры желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Кәріз бойынша 2022 жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді,ал құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі. Жолды абаттандыру инженерлік коммуникациялардан кейін жүргізіледі. Орындалуда. |
|
|
6. |
Теміртау қаласының тұрғыны Масахбаев Жүгініс Тойбағарович. 1)аулада балалар алаңын орнату туралы;
|
6.1. өтініш берушіге балалар алаңының 2023 жылы орнатылатыны туралы түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 1 мамырына дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Абылаев Т.С., Мәдениет, архивтер, құжаттама басқармасының басшысы Е.К.Жумакенов |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Ағымдағы жылы 50 МАФ-ты орнатуға бюджеттен қаржы бөлініп, мекенжайлары нақтыланды. Өтініш берушінің мекенжайы 2023 жылы есепке алынады. Орындалды |
|
|
2)көше жарығының жоқтығы туралы;
|
6.2.Ішкі аулалық көше жарығы орнатылсын. |
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Көшелерді жарықтандыруды қалпына келтіру бағдарламасы аясында жұмыстар басталды, аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 31 шілдесі. Орындалуда. |
|||
|
3)тегін балалар үйірмелері, спорттық секциялар санын көбейту |
6.3. өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 6 мамырына дейін |
Өтініш берушіге қаладағы тегін үйірмелер мен секциялардың тізімі туралы түсініктеме берілді. Орындалды |
|||
|
7. |
Актау кентінің тұрғыны Каюпова Дина Дакашевна. 1) Мырза станциясының жолы, электр пойыздары мен электричкалардың белгіленбеген жерлерде тоқтауы; |
7.1. - Мырза станциясында жылу жүйелерін жөндеу аяқталсын - Мырза станциясында вокзал алаңын қоршау. |
2022 жыл желтоқсан
2023 жыл |
«КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС«Караганды бөлімшесі ЖТ» филиалының басшысы М.К. Көкірекбаев (келісім бойынша)
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
«ҚТЖ» АҚ Қарағанды филиалы басшылығының айтуынша, транзиттік пойыздардың көптігінен электр пойыздары мен электричкалар белгіленбеген жерлерге тоқтайды. 2022 жылдың 27 сәуірінде «ҚТЖ» АҚ басшылығы мен өтініш беруші және жергілікті қоғамдастық мүшелері арасында кездесу өтті. Егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Орындалуда |
|
|
2) Мырза стансасына баратын жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайы;
|
7.2. Абай көшесінен Мырза станциясына дейін автожолдарды орташа жөндеу жүргізілсін.
2023-2025 жылдардың бюджетіне Мырза станциясы Первомайская көшесі бойынша автомобиль жолдарын орташа жөндеу енгізілсін. |
2022 жылдың аяғына дейін
2023-2025 жылдары |
Абай көшесінен Мырза станциясына дейінгі автожолдарды орташа жөндеуге «Сары-АрқаЖолдары» ЖШС-мен жалпы сомасы 129,8 млн. теңгеге келісім-шарт жасалды. Жұмыс жүргізілуде. Аяқталу күні – 01.09.2022 ж. Орындалуда |
|||
|
3) Алматы қаласында био-лабораторияның барлығы туралы.
|
7.3. мәселе Үкіметтік деңгейде шешіледі. |
|
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Орындалды. |
|||
|
8. |
«Алма» саяжай қоғамының төрағасы Камеко Ольга Дмитриевна. 1) «Алма» және «Черемушка» саяжай қауымдастығы арасындағы жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда.
|
8.1.жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге саяжай қауымдастығы арасындағы жолдар учаскесін жөндеу мүмкіндігі қарастырылсын. |
2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов.
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов, Бұқар жырау ауданының әкімі Аймақов С.Ж. |
«Алма» және «Черёмушки» саяжайларының бойымен «Қарағанды-Теміртау-Токаревка» облыстық маңызы бар тас жолы өтеді. 2019 жылы ұзындығы 12 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтті. Тексеру барысында бүгінде жолдың жағдайы жақсы екені анықталды. Орындалды |
|
|
9. |
Қала тұрғыны Койшибаев Мурат Абдраимович. 1) экология мәселесі, ағаш көшеттерінің сақталуы мен күтімі (уақытылы суару); |
9.1. көшеттерді тұрақты түрде суару және күту жүзеге асырылсын.
|
Тұрақты негізде |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Экология департамент басшысы Мусапарбеков К.Ж., (келісім бойынша) Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Джунуспекова А.А. |
Орындалуда.
|
|
|
2) еңбек жағдайлары ауыр, зиянды жұмыстарға тартылған адамдардың зейнеткерлік жасын өзгерту мәселесі. |
9.2. сұрақ орталық органдардың қарауына енгізілді. |
|
Бүгінгі таңда аталған мәселе бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жерасты жұмыстарында (кеншілерді) жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс тобын құрып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ олар ауыр еңбек жағдайлары қолданылатын басқа салаларда да талдау жүргізді. Комиссияның жұмысы жалғасуда. Орындалуда |
|||
|
10. |
Актау кентінің тұрғыны Онучина Екатерина Николаевна. 1) жекешелендіруді тексеру туралы: отбасының әрбір мүшесіне дивидендтерді есептеу қашан басталады? Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде бақыланады ма? |
10.1. өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 30 сәуіріне дейін |
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аблаева Т.Ю.
Білім беру басқармасының басшысы Кожахметова Г.Ш. Өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Кыдырганбеков М.Е.,
Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алимжанов Н.Т., Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов, Жер қатынастары басқармасының басшысы Бұлқайыр Д.Б., Бұқар жырау ауданының әкімі Аймаков С.Ж. |
Мәселені зерделеу үшін ҚР Ұлттық банкіне хат жолданды. Ақпарат қолжетімді болған кезде өтініш берушіге жауап беріледі. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жүгінуді ұсынды. Орындалды |
|
|
2) жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мәселелері;
|
10.2. Ақтау кенті жастарын патриоттыққа тәрбиелеу жоспарын әзірлеу және осы бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
|
Тұрақты негізде |
Ақтау кентінің мектептерінде «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» ММ-мен бірлесе отырып, жастарды патриот-тыққа тәрбиелеу мақсатында және Ақтау кентінің мәдени-демалыс орталығында ай сайын сынып сағаттары, тақырыптық іс-шаралар, сызбалар, оқушылар арасында сайыстар өткізілуде, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ай сайын іс-шаралар өткізіліп тұрады. Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Орындалуда. |
|||
|
3) «Нұрқазған» кеніші тарапынан Ақтау кенті тұрғындарына материалдық көмек көрсету туралы, соның ішінде – үйлердің шатырларын жөндеу;
|
10.3.«Нұрқазған» басшылығымен Ақтау кентіне демеушілік көмек көрсету туралы әңгімелесу.
|
2022 жылдың 1 мамырына дейін |
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ақпараты бойынша компания басшылығы төрт бес қабатты үйдің шатырын жөндеуге көмек көрсету туралы шешім қабылдаған. Кәсіпорында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022 жылғы тамыз-қыркүйек. орындалуда |
|||
|
4)мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынау;
|
10.4. өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 1 мамырына дейін |
Өтініш берушіге Ақтау елді-мекенінде балалар алаңын орнату жұмыстарын сатып алу туралы: Ақтау кентінің (Абай к-сі және Индустриальная к-сі) жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу; Ақтау елді-мекеніндегі жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстарды сатып алу туралы жазбаша түсініктеме берілді; Орындалды |
|||
|
5) Бұқар жырау ауданының жерлерін Теміртау қаласының аумақтық бағыныстылығына беру; |
10.5.Осы мәселені мүдделі органдармен талқылау, өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 1 маусымына дейін |
Бұл мәселе 2022 жылдың 6 маусымында Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының ұйымдастыруымен өткен кеңесте Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданы әкімдіктерімен қаралды. Жиын нәтижесінде жерлерді біріктірудің орынсыздығы туралы бірауыздан шешім қабылданды. Е.Н.Онучинаға ағымдағы жылдың 15 маусымында жерлерді қосудың мүмкін еместігі туралы дәлелді жауап жіберілді. Орындалды |
|||
|
6) Ақтау кентінде қоғамдық кеңестің жұмысын қайта бастау;
|
10.6. өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жыл мамыр |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 6-тармағына сәйкес ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі. Орындалды |
|||
|
7) саяжайлардағы су құбырын қалпына келтіру қажет. |
10.7. осы мәселені қарау үшін Ақтау кенті ЖӨБ бірлескен отырысы ұйымдастырылсын. |
2022 жылдың 15 мамырына дейін |
2015 жылы Ақтау елді-мекенін техникалық сумен қамтамасыз етуге арналған құбыр бөлшектелді («Карцемент» АҚ құрғақ цемент өндірісіне ауысты). Техникалық сумен жабдықтау құбырын қалпына келтіру экономикалық тиімді емес. Мәселе жергілікті қоғамдастық жиналысында (2022 жылғы 19 мамыр) қаралды. Орындалды |
|||
|
11. |
Көп балалы ана, Риммер Наталья Андреевна. 1) құрал-жабдықтарды (кресло) беру кезінде олар баланың ауруының ерекшеліктерін ескермейді. (Қажетті арба, порталда бар болса, ата-анасының есебінен ішінара төлемді талап етеді); |
11.1.жасөспірім мүгедек арбасымен қамтамасыз ету.
|
2022 жылдың маусымы |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жүніспекова Ә.А.
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
Өтініш беруші жасөспірім үшін мүгедектер арбасымен қамтамасыз етілген. Орындалды |
|
|
2) көпқабатты тұрғын үйлерде пандустардың жоқтығы;
|
11.2.Нысанның меншік иелерімен, ПИК-пен түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. |
2022 жылдың 10 мамырына дейін |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Орындалды. |
|||
|
3) 20/2. Б. Момышұлы даңғылы бойынша 20/2 үйдің ауласында балалар алаңының жоқтығы.
|
11.3. балалар алаңы орнатылсын. |
2022 жылдың 15 қыркүйегіне дейін |
Биылғы жылы балалар алаңы Б.Момышұлы даңғылы, №20-20/2 мекенжайындағы тұрғын үйлер ауданында орнатылады. Орындалуда |
|||
|
12. |
Теміртау қаласы қоғамдық кеңес өкілі Карлаш Валерий Павлович. 1) Қарағанды – Нұр-Сұлтан республикалық тас жолында зираттарға бару үшін жолдан өту аралығын ұйымдастыру мүмкіндігі;
|
12.1. Қарағанды – Нұр-Сұлтан республикалық тас жолында зираттарға бару үшін тиісті аралықты ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылсын.
|
2022 жылдың мамыры |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов, «КазАвтоЖол» директоры С.М. Хамзин (келісім бойынша)
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов |
Жол құрылысы жобасы бойынша алдын ала 3 қоғамдық тыңдау өткізіліп, тұрғындардан бұл туралы ешбір қарсылық түскен жоқ. 2022 жылдың 26 мамырында жолдың сұралған учаскесі бойынша Теміртау қаласы әкімінің орынбасары В.М. Цай мен өтініш берушінің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдерімен кездесу өтті. Өтініш берушіге маршрутта өту жолын жасаудың мүмкін еместігі туралы түсініктемелер берілді. |
|
|
2) тұрғын үйлерде орналасқан бюджеттік ұйымдардың кондоминиум мәселелеріне қатысу мәселесі. |
12.2. өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың мамыры |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Орындалды. |
|||
|
13. |
Теміртау қаласының белсендісі Гусев Олег Иванович, Республика даңғылы 71/1-19 1) маусым ішінде сапалы ойын алаңдарын орнату туралы ұсыныс (азырақ, бірақ сапалы);
|
13.1.өтініш берушінің ескертпесі ескерілсін. |
2022 жылдың мамыр-қыркүйек айлары |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов.
«КазАвтоЖол» ҚОФ директоры С.М. Хамзин (келісім бойынша) |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Жоспарланған балалар ойын алаңдарын орнату кезінде орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету үшін қалалық мәслихат депутаттарының және Теміртау қаласының Қоғамдық кеңесі өкілдерінің қатысуымен бақылау жүргізіледі. |
|
|
2) ойын алаңдарында жасанды төсеніштерді пайдаланудың орынсыздығы туралы (брусчаткамен ауыстыру);
|
13.2. балалар алаңдарындағы төсеніштердің балама нұсқасының орындылығы мен заңдылығы қарастырылсын. Өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың мамыр-қыркүйек |
Тендерлік құжаттамада жасанды шөп төсеніштерін салу жұмыстары ескерілген. Жасанды бетті тротуар тақталарымен ауыстыру жарақат алу қауіпінің туындауына байланысты мүмкін емес, ҚР ММ 5 тарауының 80-тармағына сәйкес, ойын алаңдарын жабу денсаулыққа қауіпсіз (жарақатануды болдырмайтын) материалдардан қамтамасыз етіледі. Бұл ретте әрбір жұмыс түрі тұрғындармен тікелей келісілетін болады. Орындалды. |
|||
|
3) жауынгер-интернационалистер ескерткіші жанындағы алаңды абаттандыру жұмыстарын аяқтамаған жосықсыз мердігерге шара қолдану туралы.
|
13.3.Өтініш берушіге атқарылған жұмыс туралы ақпарат берілсін. |
2022 жылдың 1 шілдесіне дейін |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Мердігер «ИнтерСоюзСервис» ЖШС-і орын алған ақауларды жою жұмыстарын жүргізуде, травертинмен қапталған кіреберіс тобы жөнделіп, гранитті жабын қалпына келтірілді. Мердігерден 9 128,2 мың теңге залал өндіру туралы талап-арыз бойынша іс қозғалды. Сот ісі жалғасуда. Соңғы отырыс 13.06.22 күні өтті, жаңа отырыстың күні әлі анықталған жоқ. Орындалуда |
|||
|
14. |
Теміртау қаласының тұрғыны Лебедь Владимир Анатольевич. 1) кәріз жүйесін орнату бойынша жасалған сапасыз жұмыстар; |
14.1.кәріз құбырларын төсеу бойынша жұмыстар аяқталсын. |
2022 жылдың қарашасы |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұ.Т.Үсенов |
Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр және ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Орындалуда |
|
|
2) жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілмеді;
|
14.2.жұмыстар аяқталсын. |
2022 жылдың 15 мамыры |
Жерді қалпына келтіру жұмыстары 25.05.2022 жылы аяқталды. Орындалды |
|||
|
3) газдандыруды мемлекеттік бағдарламалар арқылы пайызсыз қосу мүмкіндігі. |
14.3. екінші деңгейлі банктермен газды қосу үшін пайызсыз несие беру туралы келіссөздерді жүргізу. |
2022 жылдың 30 маусымы |
Тұрғынға түсініктеме берілді. Қалада Еуразиялық банк пен Жусан банкінен пайызсыз несие алу арқылы халықты газдандыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 10.06.2022ж. күні тұрғындармен жиын өткізіліп, несиенің шарттары түсіндірілді. Орындалды |
|||
|
15. |
Теміртау қаласының тұрғыны Шокпанов Замир Тарихович. 1) ПИК, қала әкімі, «Аманат» партиясы жұмысына наразылық, абаттандыру мәселелеріне қатысты |
15.1. тұрғын үйдің жанынан жаяу жүргіншілер жолын орнатумен абаттандыру жұмыстарын аяқтау.
|
2022 жылдың 30 шілдесіне дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
Өтініш берушінің барлық ескертулері алынып тасталды. 2021 жылы Металлургтер даңғылы, 7Д мекенжайында балалар алаңы орнатылып, аула да жарықтандырылды. 2022 жылы тротуарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыс 30.09.2022 жылға дейін аяқталады. Орындалуда |
|
|
16. |
Қала тұрғыны Мауытхан Кайса. 1) жарықтандыру және сапалы жолдардың жоқтығы; |
16.1. жарықтандыру орнатылсын. |
2022 жылдың 30 маусымы
|
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
Көрсетілген учаскеде жол салу мәселесі инженерлік коммуникациялар құрылысы аяқталғаннан кейін (газбен жабдықтау 3 іске қосу) қаралатын болады. 2022 жылы Отрадное кентінде 103 жарық бағанасы орнатылуда. |
|
|
2) Отрадное селосына қосымша маршруттар бөлу туралы.
|
16.2. «01» қолданыстағы маршрутты ұзарту туралы. |
2022 жылдың 31 тамызына дейін |
Бүгінгі күні № 01 маршрутқа қызмет көрсетуге тендер жарияланды. Маршрутты ұзарту мәселесі мердігер анықталғаннан кейін, 2022 жылдың 01 қыркүйегіне дейін қаралады. Орындалуда |
|||
|
17. |
Пеннер Алена Владимировна Ақтау кенті тұрғыны. 1) жиі орын алатын апаттарға байланысты Нұрқазғаннан Ақтау-Теміртау тас жолына апаратын жолдағы жағдайға байланысты шаралар қабылдау.
|
17.1. Жолдың осы бөлігіне қосымша белгілер орнатудың мүмкіндігінің заңдылығы қарастырылсын. Өтініш берушіге түсініктеме берілсін.
|
2022 жылдың 1 тамызына дейін |
Полиция департамент бастығы Файзуллин Е.Ж. (келісім бойынша) Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов. Директор КОФ «КазАвтоЖол» Хамзин С.М. (келісім бойынша)
|
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. Республикалық маңызы бар «Бастау-Ақтау-Теміртау» тас жолының 48-50 шақырымында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту мақсатында «Нұрқазған» ЖШС қосалқы жолынан шыққанға дейін екі бағытта осы жолдың иелері Қ.Ф. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтодор» ЖШС Қарағанды облысының әкімшілік полиция басқармасы-мен келісе отырып, жол белгілері 3.24 (Максималды жылдамдық шегі 90), 3.20 (Басып өтуге тыйым салынады), 3.24 (Ең жоғарғы жылдамдық шегі 70), жол белгілері 1.6 (Тұтас жолға жақындау сызықтарын белгілеу), 1.1 (Қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлу, жүру бөлігінің кіруге тыйым салынған учаскелерінің шекараларын белгілеу) «Нұрқазған» ЖШС-нен шығатын қосалқы жолда, шығуға дейін Бастау-Ақтау-Теміртау тас жолында 2.4 жол белгісі ауыстырылды (Жол бер), жол белгісі шығу алдында бірден орнатылды 2.5 (Тоқтамай қозғалысқа тыйым салынады). Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Теміртау» ӨК «Нұрқазған» ЖШС-не «Бастау-Ақтау-Теміртау» автожолына шығар алдында қосалқы жолға шу жолақтары түріндегі жол белгілерін салу және жасанды жарықтандыруды қамтамасыз ету қажеттігі туралы ақпарат жолдады. Орындалды. |
|
|
18. |
«Ангел мой» ҚБ төрағасы Попова Нина Анатольевна, Теміртау қ. 1) қалада мүгедектерді тасымалдауға арналған автобустардың болмауы (төменгі); |
18.1 өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 10 мамырына дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. 2020-2021 жж «ТТС» ЖШС пандустармен (мүмкіндігі шектеулі адамдарды отырғызу және түсіру құрылғылары) және салондардағы мүгедектер арбаларына арналған орындармен жабдықталған 22 жаңа DongFeng автобусын сатып алды, олар қазірдің өзінде қала бағыттарында жұмыс істейді. Сондай-ақ 2022 жылы «ТТС» ЖШС пандустармен жабдықталған тағы 70 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Орындалды. |
|
|
2) Западная көшесі бойынша су құбырының жоқтығы
|
18.2. Западная көшесі бойынша су құбырын қосу үшін жұмыстар жүргізілсін. |
2022 жылдың 1 тамызына дейін |
Сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру, оның ішінде Западная көшесі аяқталмаған. Нысан пайдалануға берілген жоқ, аяқталу мерзімі 31.12.22 дейін. Орындалуда, |
|||
|
19. |
Теміртау қаласының тұрғыны, ОС АГДС РК мүшесі, Лепсибаев Чингиз. 1) экология мәселесі және қаланы көгалдандыру арқылы экологиялық проблемаларды шешуге «АМТ» АҚ үлесі
|
19.1 Кешенді жоспарларды орындау бойынша шаралар орындау жалғастырылсын.
|
Тұрақты негізде |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Экология департамент басшысы Мусапарбеков К.Ж. (келісім бойынша) «АрселорМиттал Темиртау» АҚ атқарушы директорыАбенов А.Б. (келісім бойынша)
|
2021 жылы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданды: Ағаш отырғызу дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2021 жылы қалада 42,0 млн теңгеге 1700 түп ағаш отырғызылды. Дендрологиялық жоспар бойынша (прокуратура ауданы, Қ.Аманжолов көшесі бойындағы жол бойында, Энергетиктер саябағында) Ағымдағы жылы 2000 ағаш отырғызуға 70879 мың теңге бөлінді. Конкурстық процедуралар жүріп жатыр. 2021 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар («АМТ» АҚ, «ТЭМК» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС) және қаланың қоғамдық бірлестіктері («Отражение» ҚБ және т.б.) жыл соңында 24547 ағаш отырғызды. Көгалдандыру жұмыстарына қала тұрғындары, еріктілер, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар тартылды.2022 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар ағаш отырғызуды жоспарлап отыр: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (ДК шегінде 100 000 ағаш), сонымен қатар зауыт аумағында және іргелес аумақ, «ТЭМК» ЖШС – 600 дана ағаштар (Абай көшесіндегі Батыс өнеркәсіп алаңы, зауыт аумағында және оған іргелес аумақта), «BaselGroup» ЖШС – 150 ағаш.Бүгінгі күні «АрселорМитталТеміртау» АҚ 30 000 түп ағаш отырғызды. «Bassel Group LLS» ЖШС 150 түп ағаш отырғызды. «Отражение» ҚБ (Варганова Е.П.) 390 ағаш отырғызды, «АрселорМитталТеміртау» компаниясы күзгі кезеңге абаттандыру жұмыстары аясында дайындық жұмыстарын бастады.Сонымен қатар қала ішіндегі экологияны жақсарту мақсатында 2021 жылы «Қазақстан» ҰК Ғарыш Сапары» АҚ ғарыштық мониторингі барысында анықталған рұқсат етілмеген 80 полигон жойылды. Ағымдағы жылы ғұрыптық зираттардың аумағында және Санкт-Петербург аймағында рұқсат етілмеген үйінділерді жою бойынша жұмыстар жүргізілді. Панфилов, «ТЭМК» АҚ ауданында, Құрылысшылар даңғ., 47/1, қараусыз қалған ғимарат ауданында, рұқсат етілмеген үйінділерді жою аясында орамішілік аумақтардағы 200-ге жуық пункт жойылды, және тұрғындардың әлеуметтік желілердегі арыз-шағымдары да пысықталды. 10450 м3 қоқыс шығарылды.Қазіргі уақытта рұқсат етілмеген үйінділерді жоюға ашық конкурс жарияланды. Мердігер анықталғаннан кейін Теміртау қаласының аумағындағы қоқыс полигондарын жою жұмыстары жалғасады.2021 жылы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты орналастыру үшін LED-экран орнатуға 10,2 млн.теңгеге қаражат бөлінді. LED экранды орнату. LED-экран орнату бойынша үш рет байқау өткізілді. Келісімшарттар жосықсыз жеткізушілердің кесірінен бұзылды. Ағымдағы жылы 10,2 млн теңге қаражат бөлінді. Сәуір айында LED-экран орнату бойынша байқау өтті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету қамтамасыз етілмегендіктен мердігерлермен келісім-шарттар бұзылды.Бүгінгі күні конкурс қайта жарияланды.Сонымен қатар жеке сектордың тұрғын үй алаптарын газ отынына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүргізілуде. Сарыарқа газ құбырының құрылысы. Соцгород, Отрадное, Ескі қала және Оң жағалау аудандарында атмосфераға ластаушы заттардың (шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі тотығы) шығарындыларының 10-14%-ға төмендеуі оң нәтиже береді. Анықтама: 2020 жылы құрылыстың 1-кезеңінің 1-іске қосу кешенінің құрылысы аяқталды (803,5 млн. теңге), Соцгород ауданында 31 км газ тарату желілері тартылды, желілер 572 жеке тұрғын үйге қосылды, барлығы 100 техникалық шарт берілді, оның 71-і күні бүгінде орталықтандырылған газбен қамтылған. Құрылыстың 1-кезеңінің 2-іске қосу кешенін (Соцгород ауданы және 8 шағын аудан) іске асыру басталды. Іске асыру нәтижесінде Соц.городтағы 1031 жеке тұрғын үй газбен қамтылады, 31 км газ тарату желілері (Абай, Теміртауская, Брусиловский, Озерная және т.б.) тартылады. 1-кезеңнің 3-ші іске қосу кешені бойынша 22.12.2021 жылы тендердің қорытындысы шығарылды, мердігермен келісім-шарт жасалды. Келісімшарт сомасы 1 055 120 433 теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі 6 ай. 24,5 шақырым газ тарату желілері тартылып, іске асыру нәтижесінде 606 жеке тұрғын үй газбен қамтылады.Жобаны одан әрі іске асыру 2022-2030 жылдарға жоспарланған. Жалпы жобаның қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай жеке сектордағы 5233 үйді газбен қамту жоспарлануда. 2022 жылы 909 жеке сектор үйін, 2023 жылы 165 үйді, 2024 жылы 668 үйді жеткізу жоспарлануда.) Орындалуда. |
|
|
20. |
Теміртау қаласының тұрғыны Жунусова Акмарал Абаевна. 1) шығыс индустриалды аймақта орналасқан қараусыз қалған ғимараттардың иелерін олардың объектілерінің жанындағы стихиялық үйінділер үшін жауапкершілікке тарту |
20.1. шығыс индустриалды аймағындағы нысандардың иелерімен маңайындағы аумақты тазарту жұмыстарын жүргізу.
|
Тұрақты негізде |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов
|
Қала бойынша барлығы 24 қараусыз қалған ғимарат табылды. Барлық нысандар иесіз мүлік ретінде жойылды. Шығыс индустриалды аймағында (Іңкәр-1 цехының жанында) рұқсат етілмеген үйінді пайда болған бөлшектелген ғимаратқа мүлікті жою актісі жасалып, меншік иесіне жер учаскесін жалға беру шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жіберілді. . Аумақты тазалауды меншік иесі дербес немесе сот тәртібімен жүзеге асырады. орындалуда |
|
|
21. |
Теміртау қаласының белсендісі Бектурганов Серик Касымович. 1) Экология мәселелері бойынша ЖАО мен «АМТ» АҚ басшылығы арасындағы өзара іс әрекеттің жоқтығы |
21.1.Теміртау қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша «АМТ» АҚ жұмысты жалғастыру.
|
Тұрақты негізде |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов Экология департамент басшысы Мусапарбеков К.Ж. (келісім бойынша)
|
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. 2021 жылы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданды: Ағаш отырғызу дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2021 жылы Дендрологиялық жоспарға сәйкес қалада 42,0 млн теңгеге 1700 түп ағаш отырғызылды. (прокуратура ауданы, Қ.Аманжолов көшесі бойындағы жол бойында, Энергетиков саябағында) ағымдағы жылы 70879 мың теңге бөлінді. 2000 ағаш отырғызу. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде.2021 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар («АМТ» АҚ, «ТЭМК» АҚ, «Bassel Group LLS» ЖШС). және қаланың қоғамдық бірлестіктері («Рефлексия» ҚБ және т.б.) жыл қорытындысы бойынша 24547 түп ағаш отырғызды.Көгалдандыруға қала тұрғындары, еріктілер, қоғамдық бірлестіктер, сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындары жұмылдырылды.Жасыл алқаптарды күтіп-баптау және суару жол-саябақтарды күтіп ұстау ұйымдарымен, скверлермен және жастар еңбек жасақтарымен бірлесе отырып, 2022 жылы өнеркәсіптік кәсіпорындар ағаш отырғызуды жоспарлап отыр: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (ДК шегінде 100 000 ағаш), сонымен қатар зауыт аумағында және оған жақын аумақта. , «ТЕМК» ЖШС – 600 дана. ағаштар (Абай көшесіндегі Батыс өнеркәсіп алаңы, зауыт аумағында және оған іргелес аумақта), «BaselGroup» ЖШС – 150 ағаш.Бүгінгі күні «АрселорМитталТеміртау» АҚ 30 000 түп ағаш отырғызды. «Bassel Group LLS» ЖШС 150 түп ағаш отырғызды. «Рефлексия» үкіметтік емес ұйымы (Варганова Е.П.) 390 ағаш отырғызды.Сонымен қатар қала ішіндегі экологияны жақсарту мақсатында 2021 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторингі барысында анықталған 80 рұқсат етілмеген үйінділер жойылды. Қазіргі уақытта мердігер рұқсат етілмеген үйінділерді жою жұмыстарын жүргізуде. (17 857 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні «ТЭМК» АҚ ауданында, ғұрыптық зираттардың маңында және Панфилов көшесінің бойында 10 500 м3 астам қоқыс шығарылды. кварталішілік аумақтардан 200-ден астам нүкте). 2021 жылы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы ақпаратты орналастыру үшін LED-экран орнатуға 10,2 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. LED-экран орнату бойынша үш рет байқау өткізілді. Келісімшарттар жосықсыз жеткізушілердің кесірінен бұзылды. Ағымдағы жылы 10,2 млн теңге қаражат бөлінді. Сәуір айында LED-экран орнату бойынша байқау өтті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету қамтамасыз етілмегендіктен мердігерлермен келісім-шарт бұзылды.Сонымен қатар, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аясында жеке сектордың тұрғын үй алаптарын газ отынына кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүргізілуде. Соцгород, Отрадное, Ескі қала және Оң жағалау аудандарында атмосфераға ластаушы заттардың (шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, көміртегі тотығы) шығарындыларының 10-14%-ға төмендеуі оң нәтиже береді. Анықтама: 2020 жылы құрылыстың 1-кезеңінің 1-іске қосу кешенінің құрылысы аяқталды (803,5 млн. теңге), Соцгород ауданында 31 км газ тарату желілері тартылды, желілер 572 жеке тұрғын үйге қосылды, барлығы 100 техникалық шарт берілді, оның 71-і күні бүгінде орталықтандырылған газбен қамтылған. Құрылыстың 1-кезеңінің 2-іске қосу кешенін (Соцгород ауданы және 8 шағын аудан) іске асыру басталды. Іске асыру нәтижесінде Соц.городтағы 1031 жеке тұрғын үй газбен қамтылады, 31 км газ тарату желілері (Абай, Теміртауская, Брусиловский, Озерная және т.б.) тартылады. 1-кезеңнің 3-ші іске қосу кешені бойынша 22.12.2021 жылы тендердің қорытындысы шығарылды, мердігермен келісім-шарт жасалды. Келісімшарт сомасы 1 055 120 433 теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімі 6 ай. 24,5 шақырым газ тарату желілері тартылып, іске асыру нәтижесінде 606 жеке тұрғын үй газбен қамтылады.Жобаны одан әрі іске асыру 2022-2030 жылдарға жоспарланған. Жалпы жобаның қорытындысы бойынша 2030 жылға қарай жеке сектордағы 5233 үйді газбен қамту жоспарлануда. 2022 жылы 909 жеке сектор үйін, 2023 жылы 165 үйді, 2024 жылы 668 үйді жеткізу жоспарлануда. Орындалуда. |
|
|
22. |
Ақтау кентінің тұрғыны Мартынова Наталья Васильевна. 1) электр қуатының үзілуі, электр энергиясының ауытқымалы кернеуі; |
22.1.электр желілерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілсін. |
2022 жылдың 1 қыркүйекке дейін |
Теміртау қаласының әкімі Қ.Б.Бегімов .
|
«Қазақстан» ЖШС (қызмет көрсетуші) осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізді (кабельді ауыстыру). Бүгінгі күні электр қуатына қатысты мәселе шешілді. Ақтау кентінің (селоның 5 көшесі) электрмен жабдықтау нысандарын жөндеуге 9,53 млн.теңге (Карцемент АҚ-мен меморандум) бөлінді. Орындалды |
|
|
2)Ақтау кентіндегі 2 қабаттың үйлердің қанағаттанарлықсыз жағдайы |
22.2.өтініш берушіге түсініктеме берілсін. |
2022 жылдың 1 қазанына дейін |
Өтініш берушіге түсініктеме берілді. «Central Asia Cement» АҚ мен Теміртау қаласының әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум есебінен ағымдағы жылы (шілде-қыркүйек) Ақтау ауылындағы екі қабатты 3 үйдің қатты шатыры жалпы сомасы 30,9 млн.теңгеге жөнделмек. . Орындалуда |