«БЕКІТЕМІН»
Қарағанды облысының әкімі
_______________ Ж. Қасымбек
«___» маусым 2022 жыл
Осакаров ауданының тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселелер
(Осакаров ауданы, Осакаровка кенті)
|
№ |
Көтерілген мәселелер |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімдері |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Аяқталу нысаны |
Ескерту/ орындау |
|
1. |
Ельшин Баян Даниярович – Осакаров ауданының Аманқоңыр ауылының тұрғыны: 1) Аманқоңыр ауылының кіреберіс жолына жөндеу жүргізу туралы |
Аманқоңыр ауылының кіреберіс жолына жөндеу жүргізу мәселесін қарау |
2023 жыл |
Жолаушылар тасымалы автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов
Осакаров ауданының әкімі Көбжанов Н.С. |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. 2023 жылға облыстық бюджеттен қаражат бөлу үшін ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылы Аманқоңыр, Басқорық және Қызылтас ауылдарына кіреберіс жолдың апатты учаскелерін жабуға аудан бюджетінен 10 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарланған. |
|
2. 2 |
Мажура Владимир Михайлович – Осакаров ауданының Осакаровка кентінің тұрғыны, Осакаров ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі: 1) Электржарығын ұсынушы ұйымның сапасыз жұмысы және «КРЭК» ЖШС желісіндегі үздіксіз электр жарығының өшуі туралы |
Сол жерде түсініктер берілді |
3 маусым 2022 жыл |
Жолаушылар тасымалы автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспанов
«КРЭК» ЖШС басшысы
Осакаров ауданының әкімі Көбжанов Н.С. |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалды. Түсініктеме берілді. |
|
|
||||||
|
3. 3 |
Кошевец Николай Николаевич – Осакаров ауданының Осакаровка кентінің тұрғыны: 1) Ауданды газға қосу мәселесі туралы. |
Бюджетті нақтылау кезінде Осакаровка кентінде газ құбырын салуға қаражат бөлу мәселесін қарастыру |
2022 жылдың 1 қарашасына дейін
|
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқрамасының басшысы Ұ.Т.Үсенов
Қаржы басқармасының басшысы Л. Башарина |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. Осакаровка кентінің автоматтандырылған газ тарату станциясы мен газбен жабдықтау желілері құрылысының жобаларын іске асыру үшін конкурстық рәсімдер өткізілді. Жобаның құны 6,9 млрд.теңгені құрады, шарт 3 жылға жасалды. Бюджет қаражатының тапшылығына байланысты Осакаровка кентінің газ тарату желілерінің құрылысы 2023 жылға ауыстырылды. Бюджеттік қаражат бөлінгеннен кейін мердігер ұйым құрылыс жұмыстарына кіріседі. |
|
4. 4 |
Сансызбаева Кенжебала – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:1) Ауданда электр энергиясына тариф белгілеу туралы.
|
Сол жерде түсініктер берілді |
3 маусым 2022 жыл |
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқрамасының басшысы Ұ.Т.Үсенов
Осакаров ауданының әкімі Көбжанов Н.С.
|
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалды. Түсініктеме берілді. |
|
5. 5 |
Панер Алена – Теміртау қаласының тұрғыны: 1) Русская Ивановка-Астаховка-Сарыөзек-Шоқай автожолдарына жөндеу жүргізу және облыстың қарамағына беру туралы.
|
Комиссиялық түрде баруға және тексеру жүргізу жолдары. Автожолды облыс балансына беру жөнінде ұсыныс беру. Автожолды жөндеу үшін ақша қаражатын бөлу туралы мәселені қарастыру. |
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Жолаушылар тасымалы автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т.Оспановқа
Осакаров ауданының әкімі Көбжанов Н.С.
|
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. Жалпы ұзындығы 43 км болатын бұл жолдар аудандық маңызы бар жолдар болып табылады. Қазіргі уақытта 2023 жылға арналған 4-техникалық санат бойынша (қиыршықтас-қиыршықтас жабынымен) ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттаманы әзірлеуге дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде. |
|
1) учаскелік полиция инспекторларына қызметтік автокөлік беру туралы. |
Қызметтік автокөлік беру мүмкіндігін қарастыру |
2022 жылдың 1 тамызына дейін |
Қарағанды облысының полиция департаментінің басшысы Файзуллин Е.Ж. |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. Аудандық полиция бөлімі Қарағанды облысының полиция департаментіне 7 бірлік қызметтік автокөлікке өтінім берді. |
|
|
6. |
Нугуманов Аманкельды Жамкенович – Осакаров ауданының Осакаровка кентінің тұрғыны, Осакаров ауданының қоғамдық кеңесінің мүшесі: 1) Осакаровка к. 9 гимназиясында қазақ сыныптарын ашу туралы |
Қазақ сыныптарын ашудың тиімділігі туралы мәселені қарастыру |
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
Білім басқарамасының басшысы Кожахметова Г.Ш.
Осакаров ауданының әкімі Көбжанов Н.С. |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. Ағымдағы жылдың маусым айында Білім бөлімі, №9 гимназия әкімшілігі мектепалды даярлық сыныбына және қазақ тілінде оқытатын 1 сыныпқа балаларды қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Хабарландыру аудандық газетте және әлеуметтік желілерде бірнеше рет жарияланды (Телеграмм, Фейсбук, Инстаграм, білім бөлімінің, гимназияның сайты). Ағымдағы жылдың 18 шілдесіне №9 гимназия әкімшілігіне 1 –ші қазақ сыныбының екі оқушысына ата-аналары өтініш білдірді, мектепалды даярлық сыныбына өтініштер түскен жоқ. Ауданда үш мектеп бар, олардың екеуі аралас тілде оқытылады. Ағымдағы жылдың 18 шілдесіне №1 (37) ЖББМ және №12 (20) ЖББМ 1 қазақ сыныптарына 57 оқушы қабылданды. Аудан бойынша 1 сынып оқушыларының жалпы болжамы-466, оның ішінде қазақ тілінде - 166, орыс тілінде – 300. |
|
7. |
Жантасов Танирберген Турманович – Осакаров ауданының Молодежный кентінің тұрғыны: 1) Ауданның денсаулық сақтау мекемелерін қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету туралы. |
Молодежный кенті ауруханасының ғимаратын жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты аяқтау |
2022 жылдың 1 тамызына дейін |
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м,а, Төлегенова Б.Р. |
Орындалғандығы туралы ақпарат |
Орындалуда. 2022 жылғы 16 қаңтарда «Ремстройпроект» ЖШС-мен Молодежный кентінің ауылдық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге 4,5 млн.теңге сомасына шарт жасалды. ЖСҚ әзірленді, қазіргі уақытта мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өтуде. Ағымдағы жылдың 14 маусымында құны 186 млн.теңге болатын КТ аппараты қойылды, осы жабдықты орнату бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілуде. |