Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің 2022 жылғы 10 наурызда Ақтоғай ауданының халқымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

«БЕКІТЕМІН»

Қарағанды облысының әкімі

_______________ Ж. Қасымбек

              «___» наурыз 2022 жыл

 

Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің

2022 жылғы 10 наурызда Ақтоғай ауданының халқымен кездесуі барысында

тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

№

Айтылған

ескертулер / ұсыныстар

(автор, мекенжайы)

Орындалуын іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушы

Облыс әкімінің бақылаушы орынбасары

Ескертпе

1.              

Сыздықов Сакитай, Ақтоғай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақтоғай ауылының тұрғыны.

Аудан бойынша алдағы 4-5 жылда тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету туралы.

Электр желілерін сот арқылы коммуналдық меншікке қайтару, «Жезқазған Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ балансына беру бойынша шаралар кешенін қабылдау

1 шілде

2022 ж.

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Ұ.Т. Үсенов

 

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

В.Б.Басин

Орындалмаған.

Жоғары кернеулі электр желілеріндегі ақаулар қызмет көрсететін ұйымның болмауына байланысты пайда болады. Ақтас, Шабанбай би, Сарытерек ауылдарында орналасқан қосалқы станцияларды және Ақтоғай ауданының №79 электр желісімен қамтамасыз етілетін Сәуле, Үшарал, жалаңаш, Ақтас, Қуаныш елді мекендерінің электр желілерін коммуналдық меншікке сатып алу мақсатында Жоғарғы сотқа шағым жолданып, қарауға қабылданды. коммуналдық мүлік деп танылған жағдайда құқық белгілейтін құжаттар дайындалып, "ЖезРЭК" АҚ-ға беріледі.

 

2.              

Мұстахаев Есенгелді, Ортадересін ауылдық округі

Бектау ата ауылындағы трансформаторлық қосалқы станцияға қызмет көрсеткені үшін жалақы төлеу туралы.

Электр желілерін сот арқылы коммуналдық меншікке қайтару, «Жезқазған Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ балансына беру мүмкіндігін қарастыру

1 мамыр

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

У.Т. Үсенов

В.Б.Басин

Орындалған.

Қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станцияға қызмет көрсеткені үшін Мұстахаев Есенгелдіге жалақы төлеу мәселесі шешімін тапты.

 

3.              

Кәрібаева Динара, Шашубай кентінің тұрғыны

Шашубай кентіндегі көп қабатты үйлерді жөндеуге қаражат бөлу туралы.

Қосымша қаржы қарастырылсын.

1 шілде

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

А.А. Жайлыбаев

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалуда.

Шашубай кенті Ақбергенова 9 көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге ағымдағы жылы 150 млн теңге бөлінді. Жұмыстар басталды, "Балқаш Жібек Жолы"ЖШС-мен шарт жасалды. Бүгінгі таңда 50,0 млн. теңге игерілді, облыстық бюджеттен қосымша 350,0 млн. теңге бөлу қажет.

Сондай-ақ, Ақбергенов көшесі 5,7 және Абай көшесі 4 бойынша тұрғын үйлерге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша үйлер қалпына келтірілуге жататыны анықталды.

 

4.              

Шаймағанбетов Райымбек, «Ұлан» шаруа қожалығының жетекшісі, Құсақ ауылдық округі.

Нарманбет ауылындағы көпірді жөндеу туралы.

Көпірді күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу.

Көпірді күрделі жөндеуге қаржы қаражатын көздеу

1 маусым

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

С.Қ.Шаймин

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалмаған.

Жалпы ұзындығы 0-145 км Нарманбет-Айыртас аудандық маңызы бар автожолының 0-7 км орналасқан көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында орташа жөндеуге сметалық құжаттама әзірленуде. 2023 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.

 

5.              

Шаймағанбетов Райымбек, «Ұлан» шаруа қожалығының жетекшісі, Құсақ ауылдық округі.

Нарманбет ауылы – Құсақ ауылы автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу туралы.

Автомобиль жолын жөндеуге қаржы қарастырылсын.

1 шілде

2022 г.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

С.Қ.Шаймин

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалған.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен 5,45 млн.теңге сомасында аталған жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (грейдерлеу). Мердігер "Берер"ЖШС. Ағымдағы жылдың қазан айында учаскені қайта грейдерлеу жұмыстары жүргізіледі.

 

6.              

Мангишев Нариман, аудандық мәслихат депутаты, Шашубай кентінің тұрғыны.

Балқаш қаласындағы Шашубай кентінің су құбыры және кәріз желілерін балансқа беру туралы.

Шашубай кентінің тұрғындарымен және Балқаш қаласының әкімімен бірлескен кездесу ұйымдастыру.

1 шілде

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М.Әбеуова

 

Балқаш қаласының әкімі

О.Қ. Тәуірбеков

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Ұ.Т. Үсенов

В.Б. Басин

Орындалуда.

Желілерді Балқаш қаласына беру үшін құқық белгілейтін құжаттар әзірленді. Балқаш қаласы әкімінің аппаратымен бірлесіп " Балқаш Су "КМК қатысуымен кеңес өткізілді кеңес барысында желілерге техникалық тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды, аталған жұмыс басталды, аяқталу мерзімі 15.07.2022 жыл. Одан кейін желілерді қабылдап алу жұмыстары жүргізіледі.

 

7.              

Мангишев Нариман аудандық мәслихат депутаты, Шашубай кентінің тұрғыны.

Шашубай кентінің жылу желілерін Балқаш қаласының орталық жылу желісіне қосу туралы.

Шашубай кентінің тұрғындарымен және Балқаш қаласының әкімімен бірлескен кездесу ұйымдастыру.

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Ұ.Т. Үсенов

В.Б. Басин

Орындалмаған.

Шашубай кенті бойынша 5 қабатты тұрғын үйлерді, әкімдікті, ДСК мен мешітті жылумен қамтамасыз ететін жергілікті қазандық жұмыс істейді. Қазандықтың қуаты 5.8 Гкал/сағ. Бүкіл кентті Балқаш қаласының орталық жылумен жабдықтауға қосу үшін қаланың ЖЭО-на модернизациялау жұмыстарын  жүргізу қажет. Бұл жұмыс 2023 жылға жоспарланған. Аяқталғаннан кейін Шашубай кентің түгелімен орталық жылуға жүйесіне қосу мәселесі қаралатын болады.

 

8.              

Адиханова Мереке, Қызыларай ауылының тұрғыны.

Ақтоғай-Қызыларай автомобиль жолын жөндеу туралы.

Автомобиль жолын жөндеуге қаржы қарастырылсын.

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

С.Қ. Шаймин

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалуда.

2022 жылға Ұлттық қордан "Ақтоғай-Шылым-Ақжарық" автожолының 58-63 км учаскесін орташа жөндеуге 188,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Жолды жөндеуге арналған конкурсқа 2-ден кем өтінім берілуіне байланысты өтпеді деп танылды. 01.07.2022 жылы қайта конкурс жарияланды.

 

9.              

Бақан Ермек, Айыртас ауылының тұрғыны.

Ауылды ұялы байланысқа қосу туралы.

Шешу жолдары қарастырылсын

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы

Р.О. Байжанов

Е.А. Алпысов

Орындалуда.

Ауыл тұрғындарымен және ауыл тумаларымен бірлесіп "Айыртас"қоғамдық қоры құрылды. Осы Қордың қаражатына қазіргі уақытта әрбір үйде интернет желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. "250+" мемлекеттік бағдарламасы арқылы ұялы байланыс орнату үшін ауыл тұрғындарының саны жетпейді, ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерін орнатуға келіспейді.

 

10.           

Бакиров Мұрат, зейнеткер, Ақтоғай ауылының тұрғыны

Зейнетақы мөлшерін арттыру туралы.

ҚР әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігіне ұсыныс беру

1 маусым

2022 ж.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон  департаментінің басшысы

Крюкова Н.А.

Е.Ш. Әліқұлов

Орындалған.

Облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментіне зейнетақы мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныс жолданды.

 

11.           

Бакиров Мұрат, зейнеткер, Ақтоғай ауылының тұрғыны

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару туралы.

Елді мекендерде мал жаюға арналған резервке жер қарастыру

1 маусым

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С. М.Әбеуова

 

Жер қатынастары басқармасының басшысы

Д.Б. Бұлқайыр

С.Ж. Шайдаров

Орындалмаған.

Аудан бойынша 45 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері анықталды. Тізім бойынша 5 нысанның құжаттары тексеру ашу үшін облыстық жер ресурстары департаментіне жіберілсе, тағы 5 нысан шара қолдану үшін сотқа жіберілді.

 

12.           

Бакиров Мұрат, зейнеткер, Ақтоғай ауылының тұрғыны;

Сыздықов Сакитай, Ақтоғай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақтоғай ауылының тұрғыны.

Ақтоғай ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы автомобиль жолын жөндеу туралы.

Облыстық басқармаға бюджеттік өтінім беру

1 маусым

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С. М.Әбеуова

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

С.Қ. Шаймин

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалған.

2022 жылға 850,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. 210-226 км учаскедегі жұмыстар аяқталды. Алайда халық тарапынан "Ақсу-Аюлы ауылынан Сәуле ауылына"дейінгі учаскенің жарамсыздығы туралы шағымдар түсуде. Мұның себебі жүк көтергіштігі 40 тоннадан асатын ауыр жүк көліктерімен материалдарды тасымалдауы.

 

13.           

Қалақбасов Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты, Сарышаған кентінің тұрғыны

Сарышаған кентіндегі апатты үйді күрделі жөндеу туралы.

Мемсараптама қорытындысын ала отырып ЖСҚ әзірлеу

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М.Әбеуова

 

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалуда.

250,0 млн. теңге сомасына сметалық құжаттама әзірленді. "Облыстың энергетика және ТКШ басқармасы" ММ-не өтінім берілді

 

14.           

Қалақбасов Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты, Сарышаған кентінің тұрғыны

Сарышаған кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау туралы.

Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша өтінім беру

1 маусым

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

А.Ә. Жайлыбаев

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалмаған.

Қазіргі уақытта Сарышаған кентінің ДСК құрылысына ЖСҚ әзірленді. Жоба сараптамаға жіберілді. Алайда жобалық ұйым тарапынан сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу бөлігінде жобаны сүйемелдеудің болмауына байланысты жобаның тапсырыс берушісі Қарағанды облысының экономикалық сотына талап-арыз берді.

 

15.           

Қалақбасов Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты, Сарышаған кентінің тұрғыны

Сарышаған кентінің 8 көшесін жөндеу және көше жарығын орнату туралы.

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бюджеттік өтінім беру

1 маусым

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

С.Ж. Шайдаров

Орындалған.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2022 жылға Сарышаған кентінің (Мектеп, Балқаш, 3-ш/а, Абай) 4 көшесін жөндеуге 279 млн.теңге бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Байқау қорытындысы ағымдағы жылдың шілде айында шығарылады.

 

16.           

Қалақбасов Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты, Сарышаған кентінің тұрғыны

Сарышаған кентінде көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салу туралы.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім беру

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

А.Ә. Жайлыбаев

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалуда.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында 2020-2021 жылдары көп балалы отбасылар үшін жеті 2 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілді. 24 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін 252 млн. теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді.

 

17.           

Қалақбасов Бауыржан, аудандық мәслихат депутаты, Сарышаған кентінің тұрғыны

Нұр-сұлтан – Алматы бағытында 508 км мал айдау жолын орнату туралы.

Мал айдау өткелін орнату нұсқаларын қарастыру

1 қыркүйек

2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

Әбеуова С. М.

 

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

С.Қ. Шаймин

 

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ҚОФ директорының м. а.

С.Ғ.Хамзин

(келісім бойынша)

А.Ж. Дүйсебаев

Орындалуда.

Жолдың аталған учаскесіне мал өткізуге арналған арнайы жол орнату үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ хат жолданды.

18.           

Тілеубергенов Болат Ақтоғай ауылының тұрғыны.

Көмір бағасы туралы.

Көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу.

Тұрақты

Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы

М.Е. Қыдырганбеков

 

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М.Әбеуова

В.Б. Басин

Орындалуда.

Тұрғындары үшін жалпы қажетті көмірдің көлемі     33 000 тоннаны құрайды. Ақтоғай ауылындағы "Кенасу" ЖК, "Бақтияр" ШҚ 2 нүктесі ауыл тұрғындарын көмірмен тұрақты түрде қамтып отыр. 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымында Шұбаркөл көмірі 1 тонна үшін 21000-23000 теңге, Кузнецк көмірі-18000 теңге болды. Жоғары бағаның себебі кәсіпкерлердің көмірді кен орнынан тікелей емес, Қарағанды қаласының кәсіпкерлерінен тасымалдауы болды. Шұбаркөл кен орнынан тікелей жеткізу кезінде кәсіпкерлерде "Шұбаркөл" көмірінің бағасы төмен болады, алайда кен орнынан көмірді тасымалдауға рұқсат етілмейді.

 

19.           

Тілеубергенов Болат, Ақтоғай ауылының тұрғыны.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару, жайылымдардың жетіспеуі туралы.

Елді мекендерде мал жаюға арналған резервке жер қарастыру

1 қыркүйек 2022 ж.

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Жер қатынастары басқармасының басшысы

Д.Б. Бұлқайыр

С.Ж. Шайдаров

Орындалуда.

Жыл басынан бері 15,5 мың га жайылымдық жер өтеусіз берілді. Бүгінгі күні жер комиссиясы арқылы жайылымдыққа қосымша берілген 50 мың га өтеусіз берілген жер телімі әкімдіктің шешіміне ұсынылған.

20.           

Тілеубергенов Болат, Ақтоғай ауылының тұрғыны.

Фермерлерге субсидия беру туралы

Субсидиялар беру қағидаларына ұсыныстар енгізу

2022 ж. аяғына дейін

Ақтоғай ауданының әкімі

С.М. Әбеуова

 

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

А.Д. Санаубаров

С.Ж. Шайдаров

Орындалуда.

ҚР АШМ 2020 жылғы 17 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына» 2022 жылға  306,0 млн. теңге субсидия қаржысына өтінім берілді.

 Бүгінгі күні тұқымдық түрлендіру бойынша 83 шаруашылыққа 62,0 млн.теңге сомасына, 17 шаруашылыққа асыл тұқымды мал сатып алу үшін 14,8 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді.

ҚР АШМ «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидасы» бойынша 2022 жылы субсидиялауға 197,5 млн теңге өтінім берілді. Бүгінгі таңда 28 шаруашылыққа 285,6 млн. теңге субсидия төленді.

 

 

Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің 2022 жылғы 10 наурызда Ақтоғай ауданының халқымен кездесуі барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Дата публикации
25 июля 2022