«БЕКІТЕМІН»
Қарағанды облысының әкімі
_______________ Ж. Қасымбек
2022 жылғы «___» мамыр
Қарағанды облысының әкімімен кездесуде Абай ауданының тұрғындары
көтерген өзекті мәселелер
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы (ЖАО құрылымдық бөлімшесі) |
Аяқтау нысаны |
Ескертпе/ орындау |
|
1. |
Аубакирова Любовь Константиновна, Топар кентінің тұрғыны 1) Топар кентінде жаңа емхана салу туралы. |
1.1. Топар кентінде емхана салу қажеттілігін зерделеу. |
2022 жылғы 20 маусымға дейін |
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Б.Р. Төлегенова |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Денсаулық сақтау басқармасы ЖСҚ әзірлеуде. Тапсыру мерзімі-30.09.2022 ж. құрылыс 2023 жылы жоспарланған. |
|
2. 2 |
Жумагалиева Карлыгаш Утешовна, Абай қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі 1) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен міндеттеме шеңберінде Абай қаласындағы 26 кварталдың аула аумағын абаттандыру туралы;
|
2.1. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қатысуымен демеушілік көмек көрсету мәселесі жөнінде кеңес өткізу |
2022 жылғы 20 маусымға дейін |
Облыс әкімінің орынбасары В.Б. Басин
Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы М.Е. Қыдырғанбеков |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірленуде |
|
2) 1-топтағы мүгедектердің жеке көмекшілерінің шипажайға баруына ақы төлеу туралы. |
2.2. Қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру |
2022 жылғы 20 желтоқсанға дейін |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Ережені бекіту туралы шешімнің жобасы қолданыстағы заңнамада еріп жүретін адамдардың шығыстарын өтеуді реттейтін нормалардың болмауына байланысты Әділет министрлігімен келісілмеген. |
|
|
3. 3 |
Бекахметова Саулеш Жасулановна, Абай қаласының тұрғыны 1) тұрақты тіркелу мүмкіндігімен пәтерді жалдау шартын жасасу мәселесі; |
3.1. заңнама аясында мәселені қарастыру |
2022 жылғы тамыз |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалды. Келесі мерзімге жалдау шарты тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу құқығымен жасалады. |
|
2) Абай қаласы Степная көшесіндегі 3 үйдің кәріз иісі, көше және ауланы жарықтандыру мәселесі.
|
3.2. Аудан әкімдігі бір ай ішінде кемшіліктерді жойсын. |
2022 жылғы тамыз |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Сметалық құжаттама жасалды. Шілде айында ҚМЖ байқау жарияланады(ҚҚС есебімен 1 млн 037 сомаға). Конкурстық рәсімдер өткізілгеннен кейін мердігерлік ұйыммен шарт жасалады. |
|
|
4. 4 |
Кельдибеков Аренбек, Дубовка ауылының тұрғыны 1) Дубовка селосын газдандыру бойынша |
4.1. Газдандыру бойынша түсініктеме берілді. |
2022 жылғы 20 мамыр |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұ.Т. Үсенов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Кездесу барысында түсініктемелер берілді. Жоба оң мемлекеттік сараптамадан өтті. Облыстық энергетика және ТКШ басқармасымен ҚР Энергетика министрлігіне кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салуға бюджеттік өтінім берілді, қаржыландыру 2023 жылы күтілуде |
|
5. |
Башкирова Юлия, Қызыл кентінің тұрғыны 1) Қызыл кентінде автомобиль жолын жөндеу. |
5.1. заңнама шеңберінде қаражат бөлуді қарастыру және жөндеу жүргізу. |
2023 жыл |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы С.Т. Оспанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Абай моноқаласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Вольный кентінен Қызыл кентіне дейінгі ұзындығы 2,2 км жолды жөндеу 2023 жылға жоспарланған. |
|
6. |
Родин Юрий Иванович, Ауғандық жауынгерлер қоғамының өкілі, Вольный кентінің тұрғыны 1) Абай шахтасына жас мамандарды жұмысқа орналастыру. |
6.1. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Абай КД шахтасына жұмысқа орналасу бойынша түсініктеме берілді. |
2022 жылғы 20 мамыр |
«Арселор Миттал Темиртау» АҚ |
|
Кездесу барысында түсініктемелер берілді. Қазіргі уақытта 312к18 с лавасында дайындық жұмыстары жүргізілуде, жаңа қызметкерлерді қабылдау жүргізілуде. Бос орындар саны 83 бірлікті құрайды |
|
7. |
Волощук Софья Лукьяновна, Құрма ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық мүшесі 1) қайта жаңартудан кейін ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жарықтандыру үшін материалдық-техникалық базаны қарастыру. |
7.1. материалдық-техникалық базаны сатып алуға қаражат бөлуді қарастыру |
2023 жыл |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов
Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Қ. Жұмакенов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалуда. Тауар-материалдық құндылықтар мен қажетті құралдар тізімі дайындалды. Қайта құру аяқталғаннан кейін және мораторий алынып тасталғаннан кейін сатып алынады |
|
8. |
Унбаев Кенес, Абай қаласының тұрғыны 1) қалаішілік № 5 автобус маршрутының жұмыс кестесі бойынша (балаларды мектепке жіберу үшін таңғы сағат 07.30-дан бастап қажет).
|
8.1. тұрғындармен келісіп, маршруттың қозғалыс кестесін өзгерту |
2022 жылғы 20 маусымға дейін |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалды. Маршруттың сызбасы мен қозғалыс кестесі тұрғындармен келісім бойынша өзгертілді. |
|
9. |
Галиахметов Нургаян Валиахметович, Абай қаласының тұрғыны 1) қаңғыбас жануарлар бойынша сұрақ;
|
9.1. қолданыстағы заңнама аясында қаңғыбас жануарларға шара қолдану бойынша түсініктеме берілді. |
2022 жылғы 20 маусым |
Ветеринария басқармасының басшысы Қ.С. Тұрсынбеков |
Орындалуы туралы ақпарат |
Кездесу барысында түсініктемелер берілді. Бүгінгі күні Абай қаласында ауланған жануарларды ұстауға арналған баспаналар мен пункттер жоқ. заң нормаларын іске асыру шеңберінде шұғыл түрде ауланған жануарларды уақытша күтіп-бағу үшін вольерлер орнатуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде |
|
2) жасыл желектерді күту бойынша. |
9.2. жасыл желектерге тұрақты маусымдық күтім жасау |
Тұрақты |
Абай ауданының әкімі Б.Қ. Асанов |
Орындалуы туралы ақпарат |
Орындалды. Мердігерлік ұйыммен тұрақты негізде Абай қаласы аумағындағы саябақтар мен гүлзарларда көшеттерді және қарағайларды суару, сонымен қатар гүлзарларды арам шөптерден жұлу бойынша жұмыстар жүргізіледі. |