Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

 

«Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мерзімді интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2022 жылғы
4 тамыз күнгі сағат 18:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13-үй, 410-кабинет мекенжайы бойынша 2022 жылғы
5 тамыз күнгі сағат 11:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға ________ деңгейде беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімсіз жіберілген құжаттар қаралмайды.

Қағидалардың 8 және 34-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларының 3 және 5-қосымшаларына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беру қажет.

 

 

Қарағанды облысының 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясатының тақырыптық бағыттарының тізбесі (Ішкі саясат басқармасы)

 

№

Қарағанды облысындағы 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағытының атауы

Өлшем бірлігі

Көлем

 

 Интернет - ресурстар

1.     

Қарағанды облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасын іске асыру барысын, Қарағанды облысының және оның өңірлерінің түрлі салалардағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық сүйемелдеу

 

символ

21 905,65

 

 

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
19 июля 2022