Қарағанды облысының 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 1,2%-ға немесе 4 930,9 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2021 жылдың 9 айы бойынша).

6 негізгі салалардың даму серпінің қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) 102,8%-ды құрады.

Өнеркәсіптік өнім 4 265,6 млрд. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,2% өндірілді.

2021 жылы ИИДМБ шеңберінде жалпы сомасы 218,5 млрд.теңгеге, 1 355 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 жобаны іске асыру жіберілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 489,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 101,9%.

Ірі қара мал басы 4,3%-ға көбейді (616,3 мың бас), жылқы – 13,3%-ға (433,9 мың бас), қой – 4,6%-ға (794,1 мың бас), ешкі – 3,4%-ға (201,9 мың бас), құс – 1,4%-ға (3 283,6 мың бас). Ет өндірісі 3,9%-ға немесе 157 мың тоннаға, сүт – 4,3%-ға (524,2 мың тонна) өсіммен қалыптасты.

Нақты көлем индексі 112,1% негізгі капиталға 809,1 млрд. теңге инвестиция құйылды.

Құрылыс жұмыстары 471,9 млрд. теңгеге орындалды, нақты көлем индексі 98,5%.

663,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 125,2%.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2022 жылғы 1 қаңтарында 95 296 бірлікті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,7% құрады.

2021 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады, орташа айлық еңбекақы 14,5%-ға артып (2020 ж. 3 тоқсанымен салыстырғанда), 232,6 мың теңгені құрады.

Инфляция 108,5% денгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 109,4%.

2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс бюджеті 562,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 55,6%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 281,3 млрд. теңге бағытталды (50%), оның ішінде білім беруге – 197,3 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 22,6 млрд.теңге. 2021 жылы мемлекеттік бюджетке 692,2 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

Қарағанды облысының 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Дата публикации
03 февраля 2022