Хабарлама: облыс әкімінің ғимаратында облыстық референдум комиссиясының отырысы өтеді

2022 жылғы 20 мамырда сағат 11.00-де облыс әкімінің ғимаратында (417-каб.) селекторлық режимде облыстық референдум комиссиясының отырысы келесі мәселелер бойынша өтеді:

  1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға дайындық пен оны өткізудің құқықтық негіздерін түсіндіру.
  2. Приозерск, Қаражал қалалары, Қарқаралы, Ұлытау аудандарының аумақтық референдум комиссиялары төрағаларының есептері.

 

Референдумның аумақтық және учаскелік комиссиялары өңірлер әкімдіктерінің залдарындағы селекторға қосылатын болады.

 

Облыстық референдум комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2022