1 тарау. Жалпы ережелер
2 тарау. Кеңсенің міндеттері мен функциялары
1) жобалық басқаруды мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне бейімдеу және кешенді енгізу;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалау қызметін жедел және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Жобалау офисіне және өзге де мүдделі ұйымдарға ұлттық және өзге де жобаларды іске асыру жөніндегі өзекті ақпаратты ұсынуын қамтамасыз ету;
4) ұлттық және өзге де жобаларды іске асырудың жедел мониторингін қамтамасыз ету болып табылады.
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалау қызметін үйлестіру және әдіснамалық сүйемелдеу;
2) мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау арқылы ақпараттық жүйеде жобаларды іске асырудың онлайн-мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ есептіліктің бірыңғай жүйесін қалыптастыру;
3) ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын жобалар мен бастамалар карталарын оларды әзірлеу және өзектілендіру процесінде келісу, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдарға нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін қайта қарау, ресурстарды бөлу және жоспарланған іс-шаралар бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) материалдарды дайындау, кеңсенің отырыстары мен жедел кеңестерін ұйымдастыру;
5) ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі факторларын талдау негізінде жобалардың жекелеген түрлерін (типтерін) іске асыруға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалау персоналының бизнес, сараптама қоғамдастықтары, азаматтық қоғам өкілдерімен өзара іс-қимылын басқару, оның ішінде сараптама алаңдарын ұйымдастыру, тұрақты "ой-талқы" жүргізу және жаңа бастамаларды талқылау;
7) өлшемдерді әзірлеу және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалық топтарының кемелдену деңгейіне бағалау жүргізу, сондай-ақ жобалық басқару саласында бенчмаркингтік зерттеулер жүргізу;
8) офис қызметін және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жобалық қызметінің нәтижелерін жария ету;
9) жобалау қызметіне қатысушылар үшін білім базасын және алынған сабақтар журналын қалыптастыру;
10) кеңсенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларда облыс әкімі мен оның орынбасарларының сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындау;
11) қажет болған жағдайда Кеңсенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ әлеуметтік зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
12) жобалық басқару саласында Кеңсе, мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, жоспарлы және жедел кеңестер өткізу;
14) кеңсенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кеңестеріне қатысу;
15) облыс әкіміне және оның орынбасарларына кеңсенің міндеттері мен функциялары, сондай-ақ қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
1) кеңсеге жіберілген қызметкерлерге жобалық рөлдерді бекітеді, олардың құзыретінің деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына себептері негізделе отырып, қызметкерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының атына кеңсеге жіберілген қызметкерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;
3) облыс әкімін жарты жылда кемінде бір рет кеңсенің атқарған жұмысы туралы хабардар етеді.
Кеңсе қызметкерлерінің жұмысы мен өзара іс-қимылы Кеңсе Басшысы бекітетін ұйымдық құрылымға сәйкес жүзеге асырылады.